Шаһмардан Есенұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography

Шаһмардан Есенов 1927 жылы тамыздың 5-інде Қызылорда облысының Шиелі ауданы Тартоғай ауылында дүниеге келеді. Шаһмардан Есенов — қазақ кеңес геологы, пайдалы қазбалар саласының маманы, қоғам және мемлекет қайраткері, геология-минералогия ғылымының докторы, профессор Қаз. КСР ғылым академиясының академигі (1967).

Оқу жолы

1949 - Қазақ тау-кен металлургия (қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) институтын бітірген;

Жұмыс жолы

Жезқазған геология барлау экспедициясының геологы, аға геологы (1949-1952), бас геологы (1952-56), бас инженері (1956- 60), Қаз. КСР геология министрінің орынбасары (1960), Қаз. КСР геология министрі (1961-65.) Қаз. КСР Министрлер Кеңесі Председателінің орынбасары (1965-67) болды. 1967-74 жылдары Қаз. КСР ғылым академиясының президенті жөне Қаз. КСР ғылым академиясының Қ.И.Сәтбаев атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді геология ғылымдар институтының директоры.

Шаһмардан Есенов — академик Қ.И.Сәтбаевтың шәкірті. Ол 1952-60 жылдары Үлкен Жезқазған кен-руда өнеркәсібінің шикізат бөлімін ашу және бағалау жөніндегі барлау жүмысына басшылық етті. Бұл кезеңде Жезқазған ауданы геологиясының неғұрлым күрделі теориялық және практикалык мәселелерін шешуге тікелей қатысты боксит-асбест сияқты маңызды пайдалы қазыналарды іздеу мен барлау әдіс-тәсілдерін анықтау жөніндегі жұмыстарды басқарды. Осы жұмыстардың нәтижесінде Жезқазғанда шикізат кенінің барланған қоры бұрынғыдан бірнеше есе артты. Химия және қорғаныс өнеркәсібіне өте қажетті шикізат ірі кені ашылды. Ол қысқа мерзімде барланып, өнеркәсіпті игеру меңгерілді. Осы ауданның марганец, мыс, металл, никель, кобальт, темір рудалары, құрылыс материалдары мен мыс кендері ашылып зерттелді. 1965 жылы Ш.Есенов республикада жүргізген барлық геологиялық іздеу және барлау жұмыстарына жалпы басшылық етті. Бұл жылдары Қазақстанда пайдалы қазбалардың бірқатар ірі кен орындары ашылып, игерілді. Соның ішінде Маңғыстаудың оңтүстігінде аса ірі мұнайлы-газды аумақтың, Жетібай мен Өзен мұнай орындарының ашылуы, қысқа мерзімде барланып, іске қосылуы үлкен жетістік болды. Осы жұмысқа тікелей қатысқаны жөне басшылық еткені үшін бір топ ғалымдармен бірге Лениндік сыйлық берілді (1966).1970 жылы әл-Фарабидің туғанына 1100 жыл толуына байланысты Халықаралық симпозиум Алматыда ашылды. Оған әлемнің көптеген елдерінен қонақтар шақырылды. Ш.Есенов осында өзі баяндама жасады. Осы симпозиумда ұлы бабамыз Аристотельден кейінгі "Екінші ұстаз" атанды.

Ш.Есеновтің кезінде Отырар қаласының қазылып зерттелуі, "Алтын адамның" табылуы ол өзінше бір суре әңгіме... Ш.Есеновтың да бөле-жара айтатын тағы бір ерекше еңбегі — сол шақтары академиялық ғалымдардың, геологиялық қызмет пен ғылыми жөне инженерлік ұлттық кадрларының дайындалуына зор еңбек сіңірді. Ұлттық кадрлар Ш.Есеновке дейін саусақпен санарлықтай екен. Біз Ш.Есеновтің кезінде келген олардың тізімін жасағанымызда көш-құлаш тізім шықты.

— Мен президент кезімде ұлт кадрларынан академиктер қатарын толықтыруға тырыстым. Корреспондент-мүшелер саны көбейді. Маған тым ұлтшылсың деген кінә тағылды. Соған қарамастан қазақтың жас әрі білімді жігіттерін көп тарттым, — деген еді Шахаң бір әңгімесінде.

Ол кісі шыншыл, өділетшіл жан болатын. Ойындағысын ірікпей, кім болса да бетке айтатын. Осы қайсар мінезі оның қызметінің төмендеуіне көп өсерін тигізді. Жоғары лауазымды адамдар оны министр қызметінен алып, далалық геология-барлау экспедициясының жай қарапайым бастығы қызметіне ауыстырған кезі де болды. Политехникалық институтта ұстаздық та етті. Оның беделін түсіру үшін небір өсек-аяңдарды да әдейілеп ұйымдастырды. Тіптен бүкіл атақтарын алып тастауға да әрекет жасалынды. Бірақ олар Шаһмардан Есенұлының халқы үшін жасаған ұшан-теңіз еңбегіне, оның алдындағы зор беделіне нұқсан келтіре алған жоқ.

Жетістіктері

Ш.Есенов 100-ден аса ғылыми еңбек жазды. Республика геология ғылымын, оның маңызды саласының бірі металлогенияны дамытуға үлес қосуда. Геология-металлогения және пайдалы қазбаларды іздеу мен барлаудың әдістері жөніндегі жазылған еңбектері мен проблемаларға арналған. Ол 1965 жылы жарық көрген Қазақстанның кеңейтілген масштабты геология картасын жасауға қатысты.

Ш.Есенов КСРО-ның Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі мемлекет комитетінің мүшесі (1967 жылдан), БҰҰ-ның Қиыр Шығыс Елдері Комиссиясының 1962 жылы Тайландта өткен сессиясында кеңес делегациясын басқарды. Халықаралық Геологиялық конгреске (Үндістан), Пагуош конференциясына (Швеция 1968), Үндістан ғалымдарының конгресіне (1971) қатысты. Ол 8-сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің халық ағарту ғылым жөне мәдениет жөніндегі тұрақты комиссиясы председателінің орынбасары: 5, 6, 7, 8-сайланған Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесінің төрағасы; КОКП ХХӀV-съезінің, Қазақстан КП ХӀ, ХӀӀ, ХӀV-съездерінің делегаты, КОКП ОК-нің мүшесі, 2 рет Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Қазақстан ғылымын көтеруге Шаһмардан Есенов көп еңбек сіңірді. Бұл жөнінде оның есімі сол кезде Қаныш Сәтбаевтан кейін қойылатын. Оның таланты жан-жақты еді. Академияда президент болып тұрғанда ұлттық мәдениетімізді тереңнен зерттеуге, әдебиетімізде ұмыт болған, тыйым салынған эпостар мен дастандарды қайта өмірге әкелуге, іздеп табуға бұйрық береді. Қазақ топырағының ұлы даналарының бірі Әбунасыр әл-Фарабидің халқына қайта оралуына көп еңбек сіңірді. Бұл турасында белгілі ғалым профессор Досмұхаммед Кішібеков жазбаларына үңілейік:"Ш.Есенов Ғылым академиясындағы Философия және құқық институтының жанынан арнаулы әлфарабитану бөлімін ашады. Оған арабша, ағылшынша және басқа да тілдерді білетін білімді жас ғалымдарды шақырды. Оларға әл-Фарабидің еңбектерін тауып, қазақшаға, орысшаға аударуға тапсырма береді. Әл-Фарабидің қазақ топырағының ұлы екенін ол кезде ешкім білген жоқ. Көптеген елдер оны өздерінше иеленіп кеткісі келді. Мәселен, ирандықтар оны Ирандікі деп дәлелдеді. Өзбек ғалымдары өзбек халқынікі деп есептеп, мақалалар жазып жатты. Түркімендер де олардан қалыспады.

Профессор А.Ж.Машанов 50-70-жылдардағы (өткен ғасыр) ғылыми-қоғамдық қызметін әл-Фарабиді қазақ халқына қайта әкелуге жұмсады. Ол көптеген кітаптар, мақалалар жазды. Әл-Фарабидің еңбектерінің томдары екі тілде шығарылды. Осы басылымдардың барлығының жауапты редакторы Ш.Есенов болды.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Еңбектері

Сіңірген еңбегі Кеңес Одағының жоғары марапаттарымен бағаланған.

  • Методика поисков и разведки месторождений родусит-асбеста. Алматы, 1965, (соавтор)
  • Геологическая карта КазССР. Ленинград, 1965.
  • Горизонты науки Казахстана. Алматы, 1967.
  • Геолого-структурные особенности и методика разведки Джезказганского рудного поля. Алматы, 1968.
  • Недра Казахстана. Алматы, 1968, (соавтор)
  • Проблемы геологии Қазақстана. Алматы, 1968.
  • Научно-технический прогресс в народном хозяйстве Казахской ССР. Алматы, 1972.
  • Наука и природные ресурсы Казахстана. Алматы, 1972.
  • Нефте-нефтяные науки. Гурьев, 1989.

Сілтемелер

Үлгі:Start box Үлгі:Succession box Үлгі:End box <ref>"Қазақ энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub