Шаңқобыз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шаңқобыз — темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі бар көне музыкалық аспап. Шаңқобыз басқа атаулармен көптеген халықтарда кездеседі. Оның сирек кездесетін бір түрі — ағаш шаңқобыз — ағашқа бекітілген жіпті тербеу арқылы дыбыс шығарылады. Шаңқобыз – ежелден келе жатқан қазақтың музыкалық аспабы. Аспап бітімі бөлек болғанымен, оның құрылымы өте қарапайым.

Бұл аспаптың темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі болады. Аспапта ойнау тәсілі де өзгеше. Шаңқобызды ерінге қойып, тіске тіреп ойнайды. Аспап дыбысы тілшені саусақпен шалып тартқан кезде серіппенің тербелісі арқылы шығады. Ауыз қуысы аспап резонатрдың қызметін атқарады. Шаңқобыздың негізгі дыбысы тілдің мөлшеріне байланысты. Аспап тартушы тілінің қимылы арқылы түрлі дыбыстар шығара алады. Әуенді әрлеп мақсатында шаңқобыз орындаушылары саусақтарына қоңырау іліп ойнайды. Аталған өнердің өрісін аша түсуді көздеген дарынды перзенттерінің бірі шәкірт тәрбиелесе, енді бірі арнайы шығарма жазып, қолданылу аясын бірте-бірте кеңейтіп, тынысын аша түсті. Нәтижесі жаман емес.Ойналуы күрделі, әуені ойлануға итермелейтін шаңқобыз шын берліген орындаушыға шабыт силап, нағыз тыңдаушысына әсер етпей қоймайды.Бұл аспап бойында әу бастан бар тылсым да табиғи үннің қасиетінен болса керек.

Шаңқобыз аспабы 19-ғасырдың екінші жартысында еліміздің әр өңірінде кездескендігі жөнінде дәлелдемелер бар. Мысалы, 1850-жылы Ордада, қазіргі Батыс Қазақстанда болған саратовтық саудагер Жарковтің жазбаларында батыс аудандарының әйелдері шаңқобызда ойнайтынын тілге тиек еткен. Ал елімізде 1971-жылдың 2-қазанында домбырашы Жарқын Шәкәрім мен шаңқобызшы Талғат Сарыбай Тәттімбеттің «Көкейтесті» күйімен көгілдір экран арқылы көрерменге алғаш рет өнерін көрсетті. Орындаушылары бірте-бірте молайып, ортамызға оралып, өз орнын таба бастаған шаңқобыздың насихатын одан ары жандандыру жұмысы жалғасуда,бұл да болса ұлттық мұраға ұрпақ құрметінің арта түскендігінін жанды айғағы. Шаңқобыздың сирек кездесетін түрі - ағаш шаңқобыз. Үйеңкі, қайың, жеміс ағаштарынан жасалады. Ортадан кесілген ағаш ұштары екі жағынан тесіліп, жіп-бау тағылады. Аспап орындаушысы жіп-бауды тарта отырып, босату, тербету арқылы тілшені қозғалтады. Ағаш шаңқобызда жеңіл әндер мен шағын күйлер орындалады.

Ертеде шаңқобыз кішкентай балалар мен әйелдер аспабы болған. Шаңқобызға арналған «Қыз ұзату», «Қыз зары», «Қыз мұңы», «Шаңқобыз толғауы» сияқты шағын күйлер шығарылған. Шаңқобыз халық аспаптар оркестрінде, ансамбльдерінде, жеке орындауда қолданылады. Аспап көптеген халықтарда әр түрлі атпен кездеседі. Варган, темір қомыз, комуз, аура, комус, ванияр, кубыз, тумра, коусян т.б. атаумен шаңқобызға ұқсас аспаптар түрікмен, қырғыз, өзбек, қалмақ, тува, якут, хакас, татар, қарақалпақ, дүнген, башқұрт, украин, орыс, моңғол т.б. халықтары арасында кең тараған.

Дереккөздер

Үлгі:Қазақ мәдениеті