Шағыр батыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Әскери қайраткер

Шағыр Айтұлы (туған-өлген. жылы белгісіз) — батыр. Орта жүз найман ішінде қаракерей руының қара қожамбет аталығынан шыққан. 17 ғасырда Алтайды жоңғар басқыншыларынан азат ету шайқастарына қатысқан. Қара қожамбет елінің жасағын басқарған қолбасшы. Жауға шапқанда өз атын ұрандап, сол себепті “сегіз Шағыр” аталған ұрпақтарының ұраны Шағыр болған. Шағыр ұрпақтары қожамбет ішінде 8 рулы елге (Сырымбет, Атақозы, Қарақозы, Мамыт, Жанқозы, Аққозы, Құлеке, Тыныке) бөлінеді. Ұрпақтары арасынан би-шешендер, палуандар, ақындар көп тараған (Сырымбет, Майлықан, Дәулет, Бұтабай, Нарбота, Сары билер, Тұрар палуан Бексайынұлы, Жолды Пұшық ақын, тағы басқа). Ұрпақтары Марқакөл өңірінде, көршілес елдерде тұрады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім</ref>

Дереккөздер

<references/>

Әдебиеттер

  • Маргулан А., Найманы, Материалы комиссии экспед. исслед., в. 15, серия Казахстанская, Л., 1930;
  • Кітапбаев Б., Шежіре, 2-бөлім, А., 1994.