Шағырай Төбетұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:28, 2014 ж. мамырдың 25 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Шағырай Төбетұлы (1836, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка ауылы — 1933, сонда) — әнші-ақын. Жас кезінде Біржан салға ілесіп, шәкірт болған. Өзі ән шығармаса да халық әндерін, ұстазы Біржан мен Арқаның басқа да әйгілі әншілерінің шығармаларын орындап, әнші-ақын ретінде танылған. Нұралы (1897), Есенбай (1903), Доскей (1923) тәрізді белгілі ақындармен айтысқан. Кейбір өлең-жырлары Солтүстік Қазақстан облысы “Бостандық туы” газетінде жарияланған. Қопабайұлы Қарсақпен айтысы (1923) арнайы жинақта (“Айтыс”, 3-том, 1966) басылған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том 18 бөлім</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шағырай Төбетұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}