Шаужан Мұхамеджанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:42, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Шаужан Мұхамеджанов (18. 5. 1929 жылы туған Ресей, Омбы облысы, Москаленко ауданы - 24. 3. 1979, Апматы қ.) — тіл білімі маманы, филология ғылымы кандидаты (1964). Омбы педагогикалық училищесін бітіріп (1948), екі жыл мұғалім болып жұмыс істеген. ҚазМУ-ды бітірген (1955). 1955-1956 ж. Омбы педучилищесінде оқытушы. 1957-1958 ж. Семей облысы, Ұржар ауданы оқу бөлімінде нұсқаушы. 1958 жылдан бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін ҚазКСР ғылым академиясының Тіл білімі институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. ҚазКСР ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымы докторы Ғ. Мұсабаевтың жетекшілігімен "Қазіргі қазақ тіліндегі сөздің ауыспалы мағынасы" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Орыс пен қазақ тілінің салыстырмалы грамматикасын жазуға белсене қатысты. 10-ға жуық ғылыми мақала жариялады.

Шығармалары:

  • Переносное значение слова в современном казахском языке. АКД., А., 1964;
  • Сопоставительная грамматика русского и казахского языков. А., 1966 (авторлардың бірі).<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}