Шара Баймолдақызы Жиенқұлова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Shara Zhiyenkulova.JPG
Ш. Жиенқұлова

Шара (Гүлшара) Баймолдақызы Жиенқұлова (18 шілде 1912, Алматы21 мамыр 1991, Алматы) — биші, педагог. Қазақстанның халық артисі (1938; 1936 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген артисі).

Өмірбаяны

Тұңғыш ойнаған рөлі — Б.Майлиннің “Майдан” пьесасындағы Пүліш. Бұдан кейін Еңлік, Қарагөз (М.Әуезовтің “Еңлік — Кебек” пен “Қарагөзінде”), т.б. рөлдерді сомдады.

  • 1934 ж. Музыкалық драма театрына (қазіргі Қазақ опера және балет театры) ауысты. Мұнда Әуезовтің “Айман — Шолпан” музыкалық драмасында, Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек”, “Жалбыр” және “Ер Тарғын” операларында ұлттық билерді орындады.
  • 1936 ж. Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысып, ұлттық би өнеріміздің әсемдігіне өзге халық өкілдерін тәнті етті. Қазақтың тұңғыш ұлттық балеті — “Қалқаман — Мамырда” (1938) Мамырдың партиясын орындады.
  • 1938 ж. “Амангелді” фильмінде Балымның рөлін экранға шығарды.
  • Балетмейстер Л.А. Жуковпен бірлесіп И.Н. Надировтың “Көктем” балетін қойды.
  • 1940 — 1962 ж. Қазақ филармониясында қызмет етті.
  • 1962 — 66 ж. Қазақтың ән-би ансамблін басқарды.
  • 1966 — 75 ж. Алматы хореографиялық училищесінің директоры болды. Осы жылдары ұлттық би өнерін дамыту үшін ел аралап, халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, халық билерін зерттеді. Соның нәтижесінде “Тәттімбет”, “Айжан қыз”, “Қара жорға”, “Қырық қыз” билері дүниеге келді. Жиенқұлова — сахналық образдардың ішкі жан сұлулығын бидегі пластикалық шешіммен шебер шендестіре білді. Гастрольдік сапармен көптеген шет елдерде болды. 1958 ж. Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.

Шәкірттері

  • Қазақстанның халық артисі Г.Талпақова
  • Қазақстанның еңбек сіңірген артистері
    • Қ.Қарабалина
    • Б.Байжұманова, т.б.

Марапаттары

  • Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1968).
  • Ленин орденімен
  • 2 рет Еңбек Қызыл Ту
  • Құрмет Белгісі” ордендерімен
  • медальдермен марапатталған.<ref>Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965260958</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Bio-stub