Шантарам

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:41, 2016 ж. шілденің 12 кезіндегі Мұхамеджан Амангелді (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Әдеби шығарма

Шантарам (Үлгі:Lang-en, Үлгі:Lang-mr, «бейбітшіл жан») — 2003 жылы жарық көрген аустралиялық жазушы Грегори Дэвид Робертстің романы. Туындыда аустралиялық түрмеден қашып шыққан героинге тәуелді банк тонаушының Үндістанға тұрақтап, сондағы Бомбей мафиясымен шатысқан өмірі туралы баяндалады. Роман Мумбаидағы қарқынды қала тынысын шынайы суреттеуімен көптеген мақтауларға ие болды. Алғаш рет Аустралияда 2003 жылы жарық көрді. Орыс тіліндегі аудармасы 2010 жылы Ресейде шығарыла бастады, қазіргі кезде туындының жалпы тиражы бір милионнан асып отыр<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Қазақ тіліне әлі аударылмаған. Автордың айтуы бойынша шығарма өзінің және бірнеше достарының басынан өткен оқиғалардың әсерінің негізінде жазылған.

Сюжеті

Басты кейіпкер — он екі жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеп жатқан аустралиялық түрмеден қашып кеткен бұрыңғы нашақор, қарақшы. Линдсей Форд есімді жалған куәлікпен Аустралия мен Жаңа Зеландияда жүріп, кейін Бомбейге келеді<ref name=":0">Үлгі:Cite webҮлгі:Ref-ru</ref>.

Өзінің ашық мінезінің көмегімен ол Бомбей тұрғындары мен сол жердегі шетелдіктермен аз уақыт ішінде достасып үлгереді. Прабакер есімді үнді досының анасы – Рукхмабаи Линдсейге Шантарам, яғни маратхи тілінен аударғанда «бейбітшіл жан» немесе «Құдай бейбіт өмір сыйлаған жан» деген мағынаны білдіретін есім қояды. Ол бастапқыда кішігірім заңсыз мәміле жасауда делдалдық етіп, өмір сүру үшін ақша тауып жүрді. Бомбейлік лашықтарға қоныс теуіп, жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді. Аустралиялық түрмеден қашқандығы жайлы жергілікті полицияға белгісіз адамның хабарлауының нәтижесінде 4 ай көлемінде түрмеге қамалады. Түрмеден шықаннан кейін бомбейлік мафия басшысы – Әбдел Қадырхынның қол астында жұмыс істейді. Шантарам оған әкесі бермеген әкелік махаббатын Қадырханнан алатын.

Қадырханның астында Линдсей валюта және алтын сатумен, сондай-ақ жалған куәлік жасаумен айналысады. Аз уақыт аралығында оны қос бірдей досы қайтыс болады; бұл қайғадын айыға алмаған Линдсей 3 ай героин қабылдап, қордада жатады. Қадырхан оны қордадан алып шығып, қайта пайда болған нашақорлық тәуелділігінен айырылуына көмек береді. Кейін Қадырханның соғыс болып жатқан отанына – Ауғанстанға бірге баруын сұрайды. Линдсей келісіп, Қадырхан өзінің бандасымен Қандағар төңірегінде соғысып жатқан муджахидтерге құрал-жабдықтар, қарулар және дәрі-дәрімектерді жеткізу үшін жолға шығады.

Ауғанстандағы соғыста Қадырхан және оның бірнеше адамы қайтыс болады. Линдсей Бомбейге қайтып оралып, мафия құрамында жұмысын жалғастырады.

Роман ішінде Қадырханның және басқа да кейіпкерлердің философиялық толғауларын байқауға болады. Кейіпкерлер өз ойларын көбіне афоризмдік нысанда көрсететін. Романдағы барлық кейіпкер ойдан шығарылған, алайда сипатталған оқиғалар тарихты болған<ref>Грегори Дэвид Робертс. Заклание агнца на Бомбее — журнал Rolling StoneҮлгі:Ref-ru</ref>. Мәселен, романда айтылатын «Леопольд» рестораны әлі жұмыс істеуде, сондай-ақ «Paanch Papi» атты боливудтық фильм шынымен түсірілген. Сонымен қатар қалада әлі күнгі шейін Прабакердің атындағы экскурсиялық бюро (ағасы ашқан) жұмыс істейді. Тіпті романда сипатталған бомбейлік лашықтарға барып, Рукхмабаи есімді әйелді кездестіре аласыз.<ref name=":0" />.

Кейіпкерлер

  • Линдсей/Лин/Линбаба/Шантарам/Гилберт Паркер — басты кейіпкер, оқиға өзінің атынан баяндалады.
  • Прабакер — Линдсейдің Бомбейдегі алғашқы досы. Күлкісі езуінен кетпейтін ашық, жарқын жас үнді жігіті.
  • Карла Саарнен — Линдсейдің махаббаты, швейцариялық көркем ару.
  • Әбдел Қадырхан — жергілікті мафия басшысы, ауған. Даналығы мен парасаттылығына қайран болған Линдсей оны әкесі ретінде жақсы көретін.
  • Дидье Леви — «Леопольдтың» тұрақты мейманы, француз, гей, аферист. Линдсейдің жолдасы.
  • Викрам Патель — Линдсейдің үнді досы, Леттидің ғашығы.
  • Маурицио Белькане — итальяндық, аферист, кербез жігіт.
  • Улла — неміс, Мадам Жу Сарайында жұмыс істейтін жезөкше. Моденаның көңілдесі.
  • Модена — испандық, Мауриционың сыбайласы, Улланың көңілдесі.
  • Летти — Болливудта жұмыс істейтін ағылшын қызы.
  • Назир — Қадырханның сөзге сараң, тұйық оққағары. Бастапқыда Линдсеймен араз болады.
  • Халед Ансари — палестиналық, мафия кеңесінің мүшесі. Барлық отбасы мүшелері израильдықтар қолынан қаза тапқан. Карланың бұрыңғы көңілдесі.
  • Абдұлла Тахери — Хомейни есімді аятолла жүргізген саяси режимнен қашып жүрген ирандық. Басты кейіпкердің жақын досы.
  • Абдұлғани — пәкістандық, мафия кеңесінің мүшесі. Сатқын.
  • Кавита Сингх — тәуелсіз үнді журналисі, феминист.
  • Лиза Картер — Мадам Жу Сарайында жұмыс істейтін америкалық жезөкше. Кейін Карла мен Линнің көмегімен Сарайдан шығады.
  • Кәзім Әли Хусейн — бомбейлік лашықтардың ақсақалы.
  • Джонни Сигар — бомбейлік лашықта мекен еткен жетім, жас үнді жігіті. Лин мен Прабакердің досы.
  • Кишан и Рукхмабаи — Прабакердің ата-анасы.
  • Парвати — Прабакердің жұбайы.
  • Хасан Обиква — афро-америкалық, мафиози.

Сиквел және приквелдері

Экрандалуы

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Book-stub