Шайыр (ауыл)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:47, 2016 ж. шілденің 29 кезіндегі Batyrbek.kz (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына ШайырМаңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы ауыл, Шайыр ауылдық округінің орталығы.

Географиялық орналасуы

Аудан орталығы Шетпе ауылынан солтүстік-батысқа қарай 37 км жерде, Батыс Қаратау жотасының солтүстік баурайындағы шөлейтті белдемде орналасқан<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім</ref>.

Халқы

1999 жылы ауылда 1512 адам (786 ер және 726 әйел адам) тұрған болса, 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша ауылда 1425 адам (741 ер және 684 әйел адам) тұрады<ref name="source2">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том</ref>.

Тарихы

Іргесі 20 ғасырдың 30-жылдарының бас кезінде ауыл шаруашылығын ұйымдастыруға байланысты ұжымшар және ауылдық кеңес орталығы есебінде қаланған. 1969 ж. ұжымшар негізінде құрылған қаракөл қойын өсіру кеңшарының орталығына айналды. 1996 жылы кеңшар таратылып, оның негізінде шаруа қожалығы құрылды<ref name="source1"></ref>.

Ескерткіштер

Ауылда ақын Қашаған Күржіманұлы мұражайы, Кәді көне қорымы, Құлбарақ батыр қорымы, Боздақ және Шома қауымдары, Шерқала тарихи-археологиялық ескерткіші орналасқан<ref name="source1"></ref>.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Маңғыстау ауданы елді мекендері