Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Шабдан Байбатшаев"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

(Cat-a-lot: Тасымалдануда... Санат:Құрмет белгісі орденінің иегерлері → [[Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерле...)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

18:30, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі нұсқасы

Шабдан Байбатшаев (1896, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Көктал ауылы – 18 сәуір 1972) – қоғам қайраткері.

Өмірбаяны

  • 1921 жылдан бастап ауыл кеңесінің төрағасы, болыстық атқару комитетінің төрағасы, милиция қызметкері.
  • 1930 – 31 жылдары Алматы облысы, Кеген ауданында халық соты және тергеуші
  • 1931 – 34 жылдары Республикалық жоғары ауыл шаруашылық мектебінде (КомВУЗ) оқыды.
  • 1934 – 37 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Әулие-ата аудандық партия комитетінің нұсқаушысы
  • 1937 – 38 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Шаян аудандық партия комитетінің 2-ші хатшысы
  • 1938 – 40 жылдары Жамбыл ауданы Билікөл кеңшарында саяси бөлім газетінің редакторы
  • 1940 – 41 жылдары «Коммунист» газетінде партия бөлімінің меңгерушісі
  • 1941 – 42 жылдары Жамбыл аудандық партия комитетінде кабинет меңгерушісі, насихат бөлімінің меңгерушісі
  • 1942 – 47 жылдары Жамбыл аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары
  • 1947 – 55 жылдары Сарысу, Талас ауданы атқару комитеттерінің төрағасы.

Жетістіктері

Байбатшаев Шабдан 4-ші, 5-ші сайланған Қазақстан Жоғары Кеңесінің депутаты болған.

Марапаттары

  • "Еңбек Қызыл Ту" ордені
  • "Құрмет Белгісі" орденімен, медальдармен
  • Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңестің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Шығармасы

  • «Бел-белестер» атты кітаптың авторы.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}