Чили топаралы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:24, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Чили топаралы - Тынық мұхитының Оңтүстік Чили жағалауындағы таулы аралдар жүйесінің жалпы атауы. Солтүстігіндегі Чакао мен Кокберн бұғаздарынан оңтүстікке Магеллан бұғазына дейінгі аралықта созылып жатыр. Чили топаралы бірнеше ірі аралдардан (Чилоэ, Уэллингтон, Санта-Инес, т.б.), ондаған ұсақ және мыңдаған аралша, жартастардан тұрады. Топаралдарда пайда болуы жағынан құрылықтық (негізінен Жағалық Кордильера бөлігі) мұз әсерінің іздері айқын байқалатын төбешіктер (биіктігі 1300 м) кездеседі. Климаты қоңыржай, мұхиттық, өте ылғалды (жылына мұнда 3000 мм жауыш-шашын түседі). Орташа температурасы 3-14°С аралығында; күшті жел соғады. Жерсілкінулер (күшті жер сілкіну 1960 ж.) жиі болып тұрады. Жағалаулары шығанақ, бұғаздармен күшті тілімделген. Солтүстігін мәңгі жасыл орман жапқан, оңтүстігінде жапырақ тастайтын шамшатты аралас қалың орман, батпақ және шалғын өсімдіктері өседі. ағай дайындалады, балық ауланады. Эрнандо-Магальянес ұлттық саябағы құрылған. Басты қаласы мен порты - Анкуд (Чилоэ аралында).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007