Хромосомалық қайтақұрылулар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

01:43, 2011 ж. қарашаның 30 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Хромосомалық қайтақұрылулар (хромосомалық аберрациялар, хромосомалық мутациялар) – хромосома құрылымының өзгерісі. Х.қ. кездейсоқ пайда болады, бірақ та көп жағдайда әртүрлі мутагендердің әсерінен туындайды (қара, мутаген). Хромосомалардың құрылымдық қайтақұрылулары бір хромосома көлемінде де, гомологты және гомологты емес хромосомалар арасында да болуы мүмкін. Оларға негізінен делеция (хромосома бөлігінің үзіліп түсіп қалуы), дупликация (хромосома бөлігінің екі еселенуі), инверсия (хромосома бөлігінің үзіліп 1800 бұрылып қайта жалғануы), транслокация (хромосома бөлігінің басқа хромосомаға жалғануы) жатады. Х.қ. организмде морфологиялық белгілердің өзгерісін тудырады. Мысалы, жеміс шыбыны дрозофиланың көз торшаларының саны кеміген мутантты линиясында Х-хромосомасы дупликацияға, ал онан басқа қанатында ойығы бар мутантты линиясында осы хромосома делецияға ұшыраған. Х.қ. организмнің өмірсүргіштік қабілетін айтарлықтай төмендетеді, кейде өлімге де алып келеді. Х.қ. организмнің эволюциясында маңызды роль атқарады. Х.қ. әртүрлі мақсатта генетикалық талдауларда кеңінен қолданылады. Сонымен қатар клетка культураларында х.қ-дың жиілігін анықтау зерттелетін факторлардың мутегендік әсерін бағалауда қолданады.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}