Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Хордадбек"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш (Дереккөздер: clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:24, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы

Ибн Хордадбек, Әбу-л-Қасым Ұбайдаллаһ ибн Абдаллаһ ибн Хордадбек (820912/913) – араб географы, тарихшы.

Иранда дүниеге келіп, Бағдатта білім алған. Жибал аймағында байланыс және мемлекет хабар жүйесінің бастығы болды. 846/847 жылы «Китаб әл-масалик уә-л мамалик» (Жолдар мен аймақтар туралы кітап) деп аталатын еңбегін жазып, кейін оны қайта өңдеген. Бізге еңбектің тек қысқартылған түрі ғана жетті. Шығармада Қазақстан мен Орта Азиядағы қыпшақтар, қырғыздар, түргештер, қимақтар, оғыздар т.б. тайпалардың орналасуы жөнінде мағлұматтар берілген.

Сонымен бірге Шаштан (Ташкент) Испиджабқа (Сайрам), Испиджабтан Таразға, Тараздан Ыстықкөлге дейінгі қалалар мен елді мекендердің ара қашықтықтары фарсақпен (1 фарсақ 6 – 7 км), өлшеніп көрсетілген. И. Х. Құлан мен Меркі қ-н үлкен елді мекен ретінде сипаттайды.<ref>Тараз энциклопедиясы</ref>

Шығарламары

  • Волин С., Сведения арабских источников ІX – XVІ вв. о долине реки Талас
  • Новые материалы по древней и средневековой истории Казахстана, А.-А., 1960.

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub