Хибин тауы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:22, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Хибин тауыРесейдің еуропалық бөлігінде, Кола түбегіндегі ең ірі тау массиві. Ауданы 1300 км², ең биік жері — Часначорр тауы, 1191 метр. Массивтің сыртқы бөлігі негізінен хибиниттен, ішкі бөлігі нефелинді сиениттерден құралған. Шыңы үстірт тәрізді, беткейлерін мұздықтар жапқан, қар көшкіні болып тұрады. Тау басында тау тундрасы, етегінде қылқан жапырақты және қисайып өскен қайың орманы таралған. Вудъеврчорр қаласында полюстік-альпілік ботаникалық бақ ашылған. Хибин тауы — апатит кентасының дүние жүзіндегі аса ірі кен орны.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}