Хатам (Сейіт) Қожа Ғабдолқожаұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:50, 2015 ж. маусымның 1 кезіндегі Zhaksilik (Талқылауы) істеген түзету

Хатам (Сейіт) Қожа Ғабдолқожаұлы (1740, Маңғыстау өңірі – 1824, Ақтау қаласының маңы) – маңғыстаулық түрікмен поэзиясының классигі, шайыр ақын. Халық арасында «Хатам ишан» деп те аталады. Мұсылманша білімдар адам болған. Хатам Маңғыстау өлкесінде болған қиын уақыттарда түбекті мекендеген халықты өзінің жалынды өлеңдері арқылы бірлікке, ынтымаққа шақырды. «Ақшұқыр» жерінде мешіт салдырып, жергілікті балалардың діни білім алуына жағдай жасаған. Оның мешіті Ақтау қаласынан 35 км солтүстік бетіндегі Баянды мекені маңындағы төбе басында. Мешіті ұлутастардан қаланған. Биіктігі адам бойындай, ауданы 7,5x5 м-дей төбесі ағашпен жабылған. Құбыла бетінде михрабы, оның орта тұсында ақтастан өрнектеп жасалған асатаяқ сұлбасы бар. Хатам қайтыс болғаннан кейін өз мешітінің маңына жерленген. Тастан қаланған биікт. 1 м-дей үлкен кереге тамы бар. Ортасында ескірген ұзын қабіртас жатыр. Хатамның «Боз қараған», «Шерқала», «Қызылөзен», «Айрақты» атты белгілі өлеңдері болды. Ақынның көптеген қолжазбалары Түрікменстан ғылым академиясының қорында сақтаулы. 1968 ж. Хатамның тұңғыш өлеңдер жинағы А.Тайымовтың құрастыруымен жарық көрді.<ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Хатам (Сейіт) Қожа Ғабдолқожаұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}