Характон

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Характон (грекxше charakter — кескін және электрон) — экранында әріп, цифр таңбаларды көрсетуге арналған индикаторлы электронды сәулелік түтік. Характонда электрондар шоғы, әр түрлі таңбалардың (әріп, цифр) пішіні бойынша металл матрицада ойылып алынған саңылау арқылы өтіп, экран бетіндегі белгілі бір координатасы бар нүктеге ауытқиды. Сөйтіп, экран бетінде таңбалардың кескіні түзіледі. Характон ақпараттарды тез әрі көрнекті түрде бейнелеу үшін, сондай-ақ бейнелеуіш (кескіндеуіш) құрылғының индикаторы ретінде (мысалы, аэродром маңындағы ауа райын білдіріп отыратын), тағы басқа мақсаттар үшін қолданылады.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}