Хамза Ихсанұлы Есенжанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:07, 2017 ж. сәуірдің 16 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Infobox Biography Есенжанов Хамза Ихсанұлы (25.12.1908, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы — 5.12.1974, Алматы) — жазушы.

  • Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік техникумын (1928),
  • Алматы мемлекеттік университетін (бұрынғы ҚазПИ) бітірген (1933),
  • Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік өнертану институтының аспирантурасында оқыған (1934 — 1936).
  • Қазақстан жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы (1932 — 1933),
  • КСРО ғылым академиясы Қазақ филиалында әдебиет пен фольклор секторының меңгерушісі (1936 — 1937) қызметтерін атқарған.
  • 1937 жылдан Қазақ мемлекеттік филармониясының, кейін Қазақ опера және балет театрының директоры қызметін атқара жүріп, ҚазПИ-де орыс әдебиеті тарихынан сабақ береді.
  • 20 ғасырдың 30-жылдары республикалық басылымдарда “Үлеңтінің жағасында”, “Қызыл құмақ”, “Күшке — күш” сияқты әңгімелері мен “Жер шарында” атты пьесасы жарияланды.
  • 1938 жылы жалған саяси айып тағылып, 20 жылға жуық уақыт сталиндік қуғын-сүргіннің зардабын тартты. Елге оралған соң, 1956 жылдан өнімді шығармалық еңбек жолын бастады.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002

ISBN 9965-607-02-8</ref>

Шығармашылығы

Жазушының басты шығармасы — “Ақ Жайық” трилогиясы (1-кіт., 1957; 2-кіт., 1959; 3-кіт., 1965) Батыс Қазақстандағы тұтас бір кезеңнің оқиғаларына арналған. Автор отарлық езгіден қиналған халық бостандығы мен бақыты үшін күрескен ерлердің жиынтық бейнелерін (Хакім, Әлібек, Әділбек, Мүнариа, Шолпан, Нұрым) жасаумен қатар, нақты тарихта болған адамдардың (Дмитриев, Әйтиев, Қаратаев, Белан, т.б.) өмір жолын шебер суреттеді. 1963 жылы трилогияның заңды жалғасы болып табылатын “Көп жыл өткен соң”, ал 1970 жылы “Ағайынды Жүнісовтер” романдарын жазды. Соңғы екі кітапта жаңа өмір құрған елдің сан қырлы тұрмыс-тіршілігі мен әділет үшін күресі, адамның азамат ретінде қалыптасуы бейнеленген. “Ақ Жайық” трилогиясы мен “Көп жыл өткен соң” роман-дилогиясы 5 кітаптан тұратын тұтас эпопея іспетті.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref> Есенжанов өмірінің соңғы жылдары “Қарт қазақ”, “Жайын ілерде”, “Жар”, т.б. әңгіме, очерк, әдеби-сын мақалалар жазды. 1978 — 1981 жылдары жазушының 6 томдық шығармалар жинағы жарық көрді.

Есенжанов — М.Шолоховтың “Тынық Дон” романының 1-және 4-кітаптарын, И.С. Тургеневтің “Рудин”, И.П. Шуховтың “Үшпенділік” романдарын, А.С. Пушкиннің “Дубровский” повесін, т.б. шығармаларды қазақ тіліне аударды. Сонымен қатар бастауыш, орта мектептер үшін оқулықтар жазды. Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1967).<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}