Халькофиль элементтер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

00:18, 2011 ж. қарашаның 30 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Халькофиль элементтер (грек. chalkos — мыс, phіleo — сүйемін) — жер қыртысының сульфидтік қабығын құрайтын элементтер тобы. В.М. Гольдшмидт жіктелімі бойынша халькофиль элементтеріне: Cu, Ag, Au, Zn, Cd, Hg, Ga, Қn, Tl, Ge, Sn, Pb, As, Sb, , S, Se, Te жатады. Ең жоғары валенттілікке сәйкес келетін халькофиль элементтерінеі катиондарының сыртқы электрондық қабатында 18 электрон (тек күкіртте ғана 8 электрон) бар. Xалькофиль элементтерінеінің қосылыстары қарапайым күйге оңай ауысады; Cu, Ag, Au, Hg, Pb, As, Sb, , Se, Te табиғатта таза (саф) күйінде ұшырасады. Xалькофиль элементтеріне сульфотұздар, сульфидтер және осыларға ұқсас коваленттік химимиялық байланыстары бар және күшті үйек тудыратын қосылыстар түзеді. Халькофиль элементтерінеінің кейбір қосылыстары өте баяу ериді, біразы ұшқыш, кешенді қосылыстар түзуге бейім. Халькофиль элементтеріне атом көлемдерін бейнелейтін қисық сызықтардың көтеріңкі бөлігінен орын алып, диамагниттік қасиет байқалады және ол элементтердің рет нөмірлері артқан сайын күшейеді. Халькофиль элементтерінеінің сульфидтері балқыған темір моносульфидінде еріп, сульфотұздар сияқты қосылыстар (CuBіS2, Ag3AsS3, PbSb2S4, т.б.) түзеді. Халькофиль элементтеріне магма кристалдануының соңғы сатыларымен байланысты түзілімдерінде (сульфидтік кентас денелері, желілері) шоғырланған. Олардың жер қыртысындағы салмақ мөлшері аз болғанымен өндірістік маңызы зор. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}