Халықтың генетикалық құрылымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

00:16, 2011 ж. қарашаның 30 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

ХАЛЫҚТЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫхалықтың белгілі бір мекенде тұруының ұзақтығы бойынша құрылымының шартты атауы. Тұрақты халық (жергілікті жерде туып-өскендер) және басқа аудандардан (қалалардан, ауылдардан) көшіп келген кірме халық түрлеріне бөлінеді. Соңғылары бұрыннан тұратындарға және жаңадан қо-ныстанғандарға ажыратылады. Халық генетикалық құрылымы туралы мәліметтерді санақ материалдарынан және арнаулы зерттеу материалдарынан алуға болады. Халық генетикалық құрылымын білу жаңадан қоныстанушылардың сіңісіп кетуі қиын аудандарда көші-қон саясатын әзірлеу үшін ерекше маңызды. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}