Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры (ХАШДҚ) (Қnternatіonal Fund for Agrocultural Development, ҚFAD) — үкіметаралық ұйым, БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі. Дүниежүз. азық-түлік конференциясының шешімімен (Рим, 1974) құрылған. ХАШДҚ-н құру туралы келісім 1977 ж. күшіне енді. Кеңес Одағы бұл келісімге қатысқан жоқ. Орналасқан жері — Рим. Мүше елдер үш санатқа бөлінген: бірінші санат — 22 ел — экон. ынтымақтас және даму ұйымының мүшелері; екінші санат — 42 ел — ОПЕК (Мұнайды сыртқа шығарушы елдер ұйымының) мүшелері; үшінші санат — 123 ел — дамушы елдер. Қордың ресми мақсаты — а. ш-н дамыту, азық-түлік өндіру көлемін ұлғайту, дамушы елдерге тамақтануды жақсарту жобаларын іске асыруға жәрдемдесу, тех. көмек көрсету. Қаржылай көмек жеңілдікті несие түрінде басымдықтар жүйесіне сәйкес: 50 жылға іс жүзінде пайызсыз беріледі, өтеу мерзімі 10 жылдан кейін басталады, 20 жылға 4% өсіммен өтеу мерзімі 5 жылдан кейін басталады; 15 — 18 жылға 8%-дық өсіммен өтеу мерзімі 3 жылдан кейін басталады. Көмек көрсету нысандары, негізінен халықтың кедейлігі табиғи ортаның азып-тозуымен ұштасып жатқан экон. қолайсыз аумақтар. Қызмет аясы: а. ш-н дамыту, мелиорация, мал ш., балық аулау, сауда, қор сақтау, өнім өңдеу, кадрлар даярлау, несие беру. Қор қаражаты мүше елдердің жарнасынан және жекелеген елдердің көмек қаржысынан құралады. 1-, 2-санаттағы мүше елдер жарнаны айырбасталымды валютамен, 3-санаттағы елдер ұлттық валютамен төлейді. АҚШ, Жапония, Германия, Иран, Сауд Аравиясы және басқа мемлекеттер бұл қорға айтарлықтай қаржы көмегін көрсетіп тұрады. Қор БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымымен, Халықар. жаңғыру және даму банкімен, Азия, Африка, Ислам және Америка аралық даму банкілерімен ынтымақтасады. Қор-дың есептесу өлшемі — арнаулы өзара қарыз құқығы. Қордың басқарушы органдары — басқарушылар кеңесі, атқарушы кеңес, президент, хатшылық.

Сілтемелер:

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}