Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Халел Ахметжанұлы Ғаббасов"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш (top: clean up, replaced: Туылған → Туған (2) using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

08:03, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Халел (Халиулла) Ахметжанұлы Ғаббасов (1888, бұрынғы Семей облысы Семей уезі, Шаған болысы — 1931, Мәскеу) — Алаш қозғалысының қайраткері. 18981909 жылы Семейде приход, орыс-қазақ мектептерінде, гимназияда оқыған. 1910 жылға шейін Сейтен болысында мұғалім болып қызмет еткен. 1910 жылы Мәскеу университетінің заң факультетіне түсіп, 1911 жылы студенттер ереуіліне қатысқаны үшін оқудан шығарылған. Осы жылы Мәскеу университетінің физика-математика фаультетіне оқуға түсіп, оны 1915 жылы алтын медальмен бітірген. 19151917 жылы Орталық ұсақ несие басқармасының Семей қаласындағы бөлімшесінде есепші, Мемлекеттік банктің Семей бөлімшесінде инспектор болып қызмет атқарған. 1917 жылы Семей облысы Қазақ к-ті төрағасының орынбасары, облыс земство басқармасының мүшесі, “Сарыарқа” газетінің редакторы (1917 — 1919) болды. Семей облысында қазақ съездерін өткізуді ұйымдастыруға белсене қатысты. 1-жалпықазақ съезінде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына мүшелікке кандидат ретінде ұсынылды. 1917 жылдың қазан айынан бастап Алаш партиясының Семей облысы к-тінің төрағасы қызметін атқарды. 2-жалпықазақ съезінде Алаш милициясын құру жайында баяндама жасады. Алашорда үкіметі құрамына сайланды. 1918 жылы қаңтардан Семей облысында земство басқармасы төрағасының орынбасары болды. 1918 жылы 20 наурызда Алашорда үкіметінің тапсыруымен телеграф арқылы И.В. Сталинмен сөйлесіп, кеңес үкіметімен келіссөз жүргізіп, ұлттарға өзін-өзі билеу құқығын беруді талап етті. Кеңес өкіметі тұсында білімін, қайрат-жігерін қазақ халқының мүддесіне бағыттады. 1920 жылы к-ттің ұлттық бөлімінде қызметкер, губернатор земство басқармасы алқасының мүшесі, Қазақ революциясы к-тінің Сібір рев. к-тіндегі өкілетті өкілі, Қазақ рев. к-тінің мүшесі, 19211923 жылы Қазақ АКСР ОАК жанынан Ақмола және Семей облыстарын қабылдап алу үшін құрылған төтенше комиссияның мүшесі, губернатор атқару к-ті жер бөлімінің меңгерушісі болды. 19241925 жылы Алаш (Жаңа Семей) аудармашы одағында қызмет атқара жүріп, қоғамдық-мәдени шараларға қызу араласты. 1924 жылы 29 желтоқсанда география қоғамының ұйымдастыруымен өткен Абайды еске алу кешінде “Абайдың өмірбаяны” деген тақырыпта баяндама жасады. 1926 жылы ақпанда Қазақ АКСР Жоспарлау комиссариатына қызметке шақырылды. Онда Төралқа мүшесі, сектор меңгерушісі, ғылым қызметкер болып қызмет істеді. 1930 жылы “халық жауы” деген жалған айыппен тұтқынға алынып, ОГПУ “үштігінің” 1931 жылғы сәуірдегі шешімімен өлім жазасына кесілді. Мәскеу түрмесінде атылды. 1988 жылы ақталған.

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы