Хайролла Досжанұлы Молдағалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:07, 2016 ж. наурыздың 25 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Ғалым Хайролла Досжанұлы Молдағалиев (1 қаңтар 1911 жыл, Орал облысы, Чапаев ауданы, Еңбек ауылы - 17 наурыз 1973 жыл, Алматы) — химик-бейорганикалық химия ғылымының кандидаты (1961), доцент (1965).

Ленинградтағы А.И. Герцен атындағы пед. институттың табиғаттану факултетінің химия бөлімін бітірген (1939). 1939-43 жылдары Жамбыл қаласында және Алматыда орта мектепте оқытушы. Молдағалиев 1943-1946 Моңғол Халық Республикасында жұмыс істеді. 1946 жылдан Қазақтың С.М. Киров атындағы мемлекеттік университетінің химия факультетінде ассистент, аға оқытушы, 1971 жылдан жалпы химия кафедрасының меңгерушісі.

Молдағалиевтің басты ғылыми еңбектері араласпайтын екі сұйықта қышқылдардың таралуын зерттеуге арналған. 35-тен астам ғылыми еңбек жариялады, химия оқулықтарын қазақ тіліне аударды. «Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған химия оқу құралы» деген еңбектің авторы.<ref>Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Бастама