Хадиша Ермахашқызы Нұғманова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

23:55, 2011 ж. қарашаның 29 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Хадиша Ермахашқызы Нұғманова (4.11.1936, Тереңөзек кенті) – ғалым, педагогика ғылымдарының кандидаты (1981), профессор (2000). КСРО, Қазақ КСР-і халық ағарту ісінің үздігі. Қызылорда пеагогикалық институтын бітірген (1957). 1958 – 67 жылдары орта мектептерде мұғалім, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 1967 – 69 жылдары Қызылорда облыстық партия комитетінде нұсқаушы, 1969 жылдан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, 1983 – 2003 жылдары педагогика және психология кафедрасының доценті, меңгерушісі, 2003 жылдан осы кафедраның профессоры болды. Негізгі ғылыми еңбектері қазақ мектебінде орыс тілін оқытудың әдістемесіне арналған. Нұғманованың «Болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығында халық педагогикасын пайдалану», «Жоғары оқу орындарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру», «Сыр бойы ақын-жырауларының шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойлар» атты еңбектері жарық көрді. Бұлардан басқа 70-тен астам ғылыми еңбек жазған.

Сілтемелер

"Сыр елі энциклопедиясы"

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Хадиша Ермахашқызы Нұғманова|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}