Фундаль безі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

23:31, 2011 ж. қарашаның 29 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Фундаль безі (лат. fundus — түбі), адам мен омыртқалы жануарлардың қарынының қабырғасы мен түбінің шырышты қабатында орналасады. Фундаль безінің пішіні түтік тәрізді, бұл бездер қарында болатын ұсақ бездердің негізгі бөлігін құрайды. Қосмекенділерде, әсіресе, бауырымен жорғалаушыларда фундаль безі өте көптеген шырышты клеткалардан тұрады. Құстарда фундаль безі шоғырланып, көптеген ұсақ тармақтар құрып орналасады. Сүтқоректі жануарларда фундаль безі жеке топтарға бөлініп, әрбір топтың өзі жеке сөл бөледі. Мысалы, басты (негізгі) бездер пепсинді сөл, қосалқы бездер мукоидты сөл бөлсе, париетальды бездер тұз қышқылын бөлуге қатысады. Фундаль безі кейде жұптасып, кейде бір жерле шоғырланып, қарында болатын арнайы ойыстарда жатады да, гликопротеинді заттар бөледі. Бұл заттар қарынның ішкі сілекейлі қабығын қорытылып кетуден және ағзаға жұқпалы аурулар таралуынан қорғайды. Фундаль безінің көпшілігі экзокринді қызмет атқарады, бірақ олардың арасында эндокриндік қызмет атқаратын жеке бездер де кездеседі. Мұндай бездер қанға тікелей гистамин гормонын бөледі. Адамның асқазанында орта есеппен 35 млн. Фундаль безі болады және ондай әрбір бездің ұзындығы 0,65 мм-ден аспайды.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}