Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Френ Христиан Данилович"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:24, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы

Френ Христиан Данилович (Christian Martin Joachim Frähn) (23.5.1782, Росток — 16.8.1851, Санкт-Петербург) — шығыстанушы ғалым, философия ғылымының докторы (1805), Петербург ғылым академиясының академигі (1817). 1803 ж. Росток университетін бітірген. 1807 — 1817 ж. Қазан университетінде шығыс тілдерінің профессор және деканы болды. Ол Шығыс нумизматикасының негізін салушы, Азия музейінің негізін қалаушы әрі бірінші директоры (1818 — 1842), сол музейдегі араб, парсы, түркі жазбаларын зерттеуге жетекшілік етті. Әбілғазының “Түрік шежіресі” атты еңбегін латын тілінде бастырып шығарып (Қазан, 1825), оған көлемді алғы сөз жазды. Бұлғар, хазар, башқұрт, т.б. түркі халықтарының тарихы жайында еңбектері бар. Френ Ресейдің шығыстану тарихында елеулі із қалдырды.

Шығармашылық

  • Ибн Фоцлан (Фадлан) и другие арабские источники о русах древних времен, СПб., 1823.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}