Фред Хойл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Фред Хойл (20 маусым, 1915 жыл - 20 тамыз, 2001 жыл) — ағылшын астрономы және математигі.

Йоркширдегі Бинглиде 1915 жылы дүниеге келген. Ол салыстырмалылық теориясының теңдеулері мен қазіргі физиканы космологияға қатысты алғаш рет қолданған. Хойл квазарлардың болуға тиіс екендігін теория жүзінде дәлелдеп шықты, кейінірек олардың табиғатта бар екендігі анықталды. Оның ғылымға жасаған тағы бір үлесі — химиялық элементтердің барлығы сутегіден дамып шыққаны туралы теория. Ол Үлкен жарылыс деген ұғымды алғаш ұсынған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Commons Үлгі:Бастама