Франсиско Ларго Кабальеро

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Франсиско Ларго Кабальеро(Үлгі:Lang-es; 1869 жыл 15 қазан, Мадрид - 1946 жыл 22 наурыз, Париж) - испан жұмысшы қозғалысының қайраткері.

Өмірі

1894 жылы Испан социалистік жұмысшы партиясына (ИСЖП) кірді. 1917 жылда тамызда жаппай саяси ереуілдерді басқарған комитетке кіргені үшін өмірлік айдауға кесілді. Бірақ 1918 жылы кортеске сайланды да, айдаудан қайтты. 1918-1937 жылдары Еңбекшілердің жалпыға бірдей одағының (ЕЖБО) бас хатшысы. Примо де Ривера диктатурасы (1923-1930) жылдарында мемлекеттік кеңесші болды. 1932-1935 жылдары ИСЖП төрағасы. 1936-1939 жылдары Ұлттық революциялық соғыс кезінде 1936 жылғы қыркүйектен 1937 жылғы мамырға дейін премьер-министр, Халық майданы үкіметі соғыс министрі болды. Осы қызметтерде отырып, бірте-бірте антикоммунистік бағытқа ойыса бастады. 1937 жылы үкімет құрамынан шығарылып, ЕЖБО, ИСЖП басшылығынан аластатылды. 1943-1945 жылдары немістің Орынбор конц.лагерінде болып, оларды Кеңес Әскері құтқарды. <ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том </ref>

Дереккөздер

<references/>