Фотоэтюд

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

23:20, 2011 ж. қарашаның 29 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Фотоэтюдфотожурналистикадағы өнер туындысы. <ref>Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001. – 380 бет. ISBN 9965-09-033-5</ref>

Жалпы этюд – өнер шығармасы мағынасын білдіреді. Композициялық тұтас картинаның, мүсіннің бір бөлігінің орнына пайдаланылады. Ал газет, журнал түсінігінде фотоэтюд тұрмыстың, табиғаттың немесе адамдар арасындағы қарым-қатынастың өзіне тән құбылысы туралы идеяны, ойды, түсінікті көзге түсетін образ арқылы қысқаша білдіретін толық біткен шығарма, дербес түсіндірілген сурет.Сонымен бірге ол автордың сол құбылысқа қатынасын да білдіреді.

Өзінің сыртқы көрінісі, сондай-ақ оқырмандарға берер әсері жағынан фотоэтюд пейзажға жақын келеді. Алайда ол нақты фактіні емес, жинақталған, қорытылған бейнені бейнелейді.

Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001. – 380 бет. ISBN 9965-09-033-5

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}