Фосфолипидтер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:49, 2015 ж. қыркүйектің 13 кезіндегі Erboldilyara (Талқылауы) істеген түзету

Фосфолипидтер — майларға жатады. Майдың бір шетіндегі орналасқан май қышқылының орнына фосфор қышқылының қалдығы арқылы фосфолипидті радикал байланысқан. Фосфолипидті радикал ретінде холин, серин, инозитол немесе этаноламин болуы мүмкін. Фосфолипидтер биомембрананың маңызды құрамдас бөлігі.Фосфолипидтер күрделі липидтер,эфирлі көпатомды спирт және майлылығы жоғары қышқылдар болып табылады.Құрамында фосфор қышқылының қалдығын және оған қосымша әртүрлі химиялық атомдардан тұрады.Фосфолипидтер құрамына байланысты 3 топқа бөлінеді:

  1. глицерофосфолипидтер (глицерофосфатидтер)- глицерин қалдығынан тұрады.
  2. фосфосфинголипидтер
  3. фосфоинозитидтер

Липидтердің гидрофобты қасиет көрсетуі жасуша тіршілігінде маңызы зор. Себебі жасуша мембранасының ортаңғы екі қабаты фосфолипид молекуласынан тұрады. Осы молекулалар жасушаға сырттан қажетсіз заттарды өткізбейді және сыртқы ортаға жасушадағы заттарды шығармайды.Осының нәтижесінде жасушаның химиялық ортасы тұрақты болып сақталады <ref>Сартаев А., Гильманов М. С22 Жалпы биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-634-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Biosci-stub