Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Фосфамид"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

13:03, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі нұсқасы

Фосфамид, рогор - 0,0-диметил S (N-метилкарбамоилметил) - дитиофосфат C5H12O3PS2N инсектицид және акарацид. Ақ кристалл, суда 2,5 % -і ериді. Өнеркәсіпте құрамында 40 % Фосфамид бар эмульсия түрінде шығарылады. Өсімдік қоректі кене, біте, ақ қанатты көбелек т.б. құрту үшін пайдаланылады. Бұған Фосфамидтің 0,03-0,1% -тік судағы ертіндісі тиімді және әсері 2-3 аптаға жетеді, өсімдік жапырағын күйдірмейді. Фосфамидке сүйекті жемістер, құлмақтың кейбір сорттары, майшетен, цитрус дақылдары сезімтал келеді. <ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1978 ж. 11 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер