Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Фонограммалар"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:30, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы

Фонограммалар /фонемограмма/ фонография- дыбыс белгілейтін әріптер, кескіндер жекелеген дыбыстарды таңбалайды.

Дыбыстық әріп кескіндер жүйесін зерттеушілер төмендегі 2 топқа бөліп қарастырады. Онда:

  1. Консананттық-дыбыстық жүйесі. Мұнда жазу кескіндері тек қана дауыссыз

дыбыстарды белгілейді. Ондай жазу жүйесіне финика, угарит, көне еврей, арамей, араб жазулары жатады <ref>Истрин В.А. Возникновение и развитие письма. -М., 1965. -399 с</ref>.

  1. Дауысты дыбыстар жүйесі. Мұнда дауысты, дауыссыз дыбыстар

бірдей белгіленеді. Бұл жүйеге грек, латын, ұйғыр, байырғы түрік бітіг т.т. с.с. жазулар жатады. Әлем халықтарының жазу жүйесі тарихи кезеңдерді басып өтіп бір ізге түсіп реттеліп қалыптасқанын зерттеушілер еңбектерінде көрсетіп келді <ref>Лоукотка Ч. Развитие письма. -М., 1950. -320 с. 207</ref>. Әлем халықтарының жазу жүйесінің тарихи қалыптасу ерекшелігі төмендегідей болады. Онда:

  1. Пиктографиядан бастау алып, логограмма, морфемограма,

силлабограмма (буындық), консонанттық-дыбыстық, дауысты-дыбыстық және аралық деген кезеңдерді рухани даму барысында басып өтеді екен. Ал түрік бітіг жазуы пиктограммадан басталып, фонограммаға дейін даму барысында морфемограмманы аттап өткен сияқты. Морфемограммаға сай келетін сипатын біз көре алмадық.

  1. Қолданған жазу кескіндерінің құрылымы (пиктографиялық, логографиялық,

әріптік-дыбыстық) тілдік мағынасы жағынан да (ішкі формасы), сыртқы графикалық кескіні жағынан да өзін-өзі анықтап тұруға тиісті. Бұл жағынан байырғы түрік бітіг кескіндері (логограммадан фонограмма аралығында) тарихи даму барысында реттеліп, сұрыпталып отырған. Әрі жазу кескіндерінің құрамы көп өзгеріске түспей тұрақты болған. Бұл ерекшелік түрік бітіг жазуының ондаған ғасыр бойы тарихи сұрыптаудан өткенін көрсетеді<ref>Фридрих И. История письма. -М., 1979. -463 с</ref>.

  1. Жазу жүйесінің негізгі қағидаты (принципі) сол тілдің табиғатына,

болмысына сай болып шыққан болуы шарт. Байырғы түрік бітіг жазуы реформаға енгеннен кейін бұл қағида бұлжымай орындалған. Ол туралы кейінгі үшінші бөлімде сөз етіледі. Міне, осы ерекшеліктер Еуразияның аймағында б.з.б. ІІ ғасырынан б.з. V ғасыр аралығында түркі халықтарының қалдырған тарихи жазба деректері арқылы фонограммалық жүйенің алғашқы кезеңінде қаншалық дәрежеде болғанына көз жеткізуге болады.

Дереккөздер

<references/>