Фатима Машанбекқызы Мұсабекова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:30, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Фатима Машанбекқызы Мұсабекова (2. 7. 1926 жылы туған, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы- 1988, Алматы қаласы) — тіл білімі маманы, филология ғылымы докторы (1977), профессор (1979). Қарқаралы педагогикалық училищесін (1944), Абай атындағы ҚазПИ-ді бітіргеннен соң (1948) осында аспирантурада қалдырылды. 1951—1958 ж. Алматы шет тілдері институтында оқытушы. 1958—1979 ж. қазақ тілі кафедрасының доценті. 1979 жылдан осы кафедра меңгерушісі. "Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем пунктуациясының негіздері" тақырыбында кандидаттық (1956), "Қазіргі қазақ тіліндегі зат есімдер стилистикасы" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

Шығармалары:

  • Основы пунктуации простого предложения в соеременном казахском языке. АКД., А., 1955;
  • Жалпы тіл білмін оқыту мәселелері. А., 1969;
  • Қазақ көркем шығармаларының жанры мен стилі. А., 1982;
  • Крзақ тілінің практикалық стилистикасы. А., 1982;
  • Стилистика имен существительных в современном казахском языке. АДЦ., А., 1974.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}