Фарадметр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

22:35, 2011 ж. қарашаның 29 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Фарадметр — электр сыйымдылықты өлшеуге арналған аспап. Электр өлшегіш механизмі өлшегіш көпір негізінде жасалған Фарадметр (дәл өлшеулер үшін) кең таралған. Екі жағдайда да өлшеу өлшенетін Сх сыйымдылықты Фарадметрге орнатылған сыйымдылық өлшем С0-мен салыстыру арқылы жүргізіледі. Электр өлшегіш Фарадметрдің негізгі жұмыстық тетігі — электро-магн., электрдинамик. не ферродинамик. логометр (қ. сурет). Көпірлік Фарадметрлерде сыйымдылық өлшеміне актив кедергінің реттелетін өлшемі тізбектей немесе параллель қосылады. Бұл С0 мен Сх бар иіндердегі диэлектрлік шығын бұрыштарын теңестіруге мүмкіндік береді. Жоғары жиіліктердегі өлшеулер кезінде өлшеудің резонанстық әдістеріне негізделген Фарадметрлер қолданылады. Фарадметрлер ретінде, сондай-ақ куметрлер қолданылады. Логометрлік Фарадметрлер өлшейтін жоғары шек 0,02-ден 10 мкФ-қа дейінгі аралықта жатады, қателігі 1,0%. Көпірлік Фарадметрлерде өлшеу алқабы 0,001 пФ-тан 1000 мкФ-қа дейін және одан жоғары, негізгі қателік 0,05 — 2%. Цифрлық Фарадметрлер 0,01 пФ-тан 10 мкФ-қа дейінгі алқаптағы өлшеулерді қамтамасыз етеді, негізгі қателігі 0,2%-ды құрайды.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}