Фазыл Кәрімұлы Кәрібжанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

22:41, 2016 ж. ақпанның 11 кезіндегі Batyrbek.kz (Талқылауы) істеген түзету

Кәрібжанов Фазыл<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref> (1912, Ресей, Омбы облысы Шарбақкөл ауданы 6-ауылы – 25.8. 1960, Алматы) – мемлекет қайраткері. Омбы жұмысшы (1933), Сібір ауыл шаруашылығы ин-тын (1938) бітірген. 1938 – 46 жылы Солтүстік Қазақстан облысы шаруашылықтарында агроном, ауданы, облысы, республика партия комитетттерінде ауыл шаруашылығы бөлімдерінің жауапты қызметкері болған. 1946 – 53 жылы Қарағанды облысы партия комитетінің 2-хатшысы, облыс атқару комитетінің төрағасы, Қазақстан Компартиясы ОК-нің ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, 1953 – 54 жылыҚазақ КСР ауыл шаруашылығы министрі. 1954 – 60 жылыҚазақстан КП ОК-нің 2-хатшысы қызметтерін атқарған. 1960 жылы Қазақ КСР Жоғасыр Кеңесі Президиумының төрағасы болып сайланды. КСРО, Қазақ ҚСР Жоғасыр Кеңесіне бірнеше дүркін депутат болып сайланған, КСРО ордендері мен медальдерімен марапатталған. Алматыда 28-панфиловшылар паркіндегі Даңқ мемориалы кешеніне жерленген.

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Фазыл Кәрімұлы Кәрібжанов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}