Фазыл Атушев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

22:28, 2011 ж. қарашаның 29 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Фазыл Атушев (23.2.1925, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы — 29.8.1988, Алматы) — кинорежиссер, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, КСРО-ның кинематография үздігі. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1949-53 ж. Алматы заң институтында оқыған. ҚазКСР мәдениет министрлігінде киносценарийлар жөніндегі редактор (1951-54), бас редактор (195861), «Қазақфильм» киностудиясында аға редакторы (1954-58), киностудия директорының орынбасары (1961-63), дубляж бөлімінің бастығы (1975-88), Қазақстан Кинематографистер одағы басқармасының 2-хатшысы қызметтерін атқарды. Атушев 70-тей көркем фильм дубляжының режиссері, 150-ден астам фильмді қазақшаға аударушы. Сондай-ақ қазақ тіліне саха, вьетнам жазушыларының көркем шығармаларын, венгер жазушысы Т. Черештің повестерін, т.б. аударған. Қызыл жұлдыз, 3 дәрежелі Даңқ орденімен, медальдармен марапатталған. <ref>Батыс Қазақстан облысы. Эндиклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8</ref><ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Пайдаланған әдебиттер

<references> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}