Универ (телесериал)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:49, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Телесериал Универ - бір блогта өмір сүретін студенттердің өмірі жайлы комедиялық телехикая. Ол 2008 жылы 25 тамызда Ресейдің "ТНТ" телеарнасында тұсауын кесіп, 2011 жылдың 19 мамырына дейін жалғасқан, ең әйгілі әрі аты шыққан ситком болды. 2011 жылы 10 қазанда хикаяның "Универ. Жаңа жатақхана" атты, және 2012 жылдың 18 шілдесінде "СашаТаня" атты жалғастырушы телехикаялар пайда болды. Телехиякая Қазақстанда "НТК" арнасынан 2009 жылы 1 қыркүйекте басталып, қазақ жастарының арасында үлкен сұраныс пен ілтипатқа ие болды. 2012 жылы 3 қыркүйектен бастап, "НТК" телеарнасынан "ЖООшылар" атты телехикая, "Универге" қайтарған соққысы болды.

Сюжеті

Оқиға Астрономия факультетінің студенті, байдың баласы Александр Сергеевтің жатақханаға келуімен басталады. Ол әкесінің көмегінсіз бәріне өзі қол жеткізетініне күмәні жоқ екендігін айтады. Хикая барысында көптеген өзгерістер болады: Саша ғашық болады, үйленеді, жұмыс істейді, тіпті балалы болады, бірақ негіз негіз болып қала береді, яғни әкесі Сильвестр оған көмегі мен ақшасын ұсынудан жалықпайды.

Кейіпкерлер

Саша Сергеев

Александр Сильвестрович Сергеев - астрономия факультетінің студенті, байдың ұлы.

Таня Архипова

Татьяна Николаевна Архипова(кейіннен Сергеева) - Сашаның жары. Фильмнің басында қылмыстық тергеу факультетінің студенті, кейіннен қоғамтану пәнінен мұғалім, асперант.

Сильвестр Андреевич

Сильвестр Андреевич Сергеев - бай-олигарх. Сашаның әкесі.

Лариса Сергеева

Лариса Сергеева (Петрищева) - Сильвестрдің әйелі, Сашаның анасы. 15 жыл бойы күйеуі мен жалғыз баласын көрмеген. Оларды Сильвестрдің кедей кезінде тастап, бай ашынасымен Францияға кетіп қалған. 15 жыл өткен соң өз қателіктерін түсініп қайтып оралған.

Алёша Сергеев

Алексей Александрович Сергеев - Саша мен Таняның баласы.

Эдуард «Кузя» Кузьмин

Эдуард Васильевич Кузьмин - филология факультетінің студенті, спортшы-каратэші. Агаповка елді мекенінде дүниеге келген. Жастық шағының біраз уақытын Қорған облысында өткізген. Әзілқой, бірақ интелекті төмен адам. Соңғы тұжырымға қарамастан шахмат ойынын жақсы ойнайды. Үнемі жалғыз, өзін түсінетін жар таба білген жоқ. Хикаяның ортасында біраз уақыт Алламен кездескен. Фильмнің соңына шейін оны сүйіп өтеді.

Алла Гришко

Алла Юрьевна Гришко - психология факультетінің студенті. Түмен облысында туылып, Мәскеуді өз сұлулығымен жаулап алуға келген. Көптеген жігіттермен кездеседі. Фильмнің ортасында Кузяны, кейіннен Майклды сүйеді.

Артур «Майкл» Микаэлян

Артур Тигранович Микаэлян - тарих факультетінің студенті. Адлер қаласынан Мәскеуге білім алу үшін, және өзінің бұрынғы қызынан кек алу үшін келген. Бір жыл мерзімінде Италияда болған.

Гоша Рудковский

Георгий Станиславович Рудковский - журналистика факультетінің студенті. Украина азаматы. Қызқұмар, айлакер және өтрікші. Бұған қарамастан достарын сатпайды. Қызқұмарлығын Лилиямен кездесіп жүрген кезде ғана қояды. Кейіннен Лилияның күеуі. Оны туған жері Украинаға алып кетеді.

Лилия Волкова

Лилия Волкова - биология факультетінің студенті. Үпі қаласында туған. Ет жемейді. Гошаның жары. Бір қарағанда есінен адасқан адамға ұқсайды.

Антон Мартынов

Антон Львович Мартынов - экономика факультетінің студенті. Лев Мартынов атты олигархтың, рахат өмірге үйреніп қалған, өз пайдасын ғана ойлайтын баласы.

Лев Мартынов

Лев Мартынов - бай-олигарх. Сильвестрдің досы, Антонның әкесі.

Петрович

Алексей Петрович Соколов - жатақхана коменданты.

Актерлер

Түсіру тобы

Режиссёрлері

Продюсерлері

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер