Уезд

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:36, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Уезд — төменгі қатардағы әкімшілікаумақтық бірлік. Алғаш рет "Уезд" термині XIII ғасырдағы орыс құжаттарында кездеседі. 1775 жылдан бастап Ресейдегі әкімшілік-аумақтық, қаржылық бірлік есебінде губернияның құрамдас бөлігіне айналды. КСРО-да 1920 жылы әкімшілік аудан болып аталды. 1867 — 1868 жж. Ресейде жүргізілген реформа негізінде Қазақстанның саяси-әкімшілік өміріне енді. Осы реформаға сәйкес Орал облысында Орал, Гурьев, Калмыково, Жем; Торғай облысында - Торғай, Николаевск (Қостанай), Ырғыз, Елек; Ақмола облысында — Ақмола, Көкшетау, Омбы, Петропавл, Сарысу (Атбасар); Семей облысында — Семей, Көкпекті, Павлодар, Қарқаралы; Жетісу облысындаСергиополь (Аягөз), Қапал, Верный, Ыстықкөл, Тоқмақ; Сырдария облысындаҚазалы, Петровск, Ходжент, Жизақ уездері құрылды. Уезд болыстарға бөлінді. Уезді патша офицерлерінен тағайындалған бастықтар басқарды, олардың көмекшілері ретінде қазақ шонжарлары тағайындалды. Уездік әскер күші, сот қызметі құрылды. КСРО-да 1923-1929 жж. жаңа әкімшілік-аумақтық бірлік пайда болуына байланысты Уезд жойылды.<ref>Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Уезд|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}