Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Уақыт"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш (clean up, replaced: Грегориус күнтізбесі → Григориан күнтізбесі using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

13:07, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі нұсқасы

Уақыт өлшеу жалпы бірліктері
Бірлік Өлшемі Дерек
наносекунд 0,000000001 секунд
микросекунд 0,000001 секунд
миллисекунд 0,001 секунд
секунд SI іргелі бірлігі
минут 60 секунд
сағат 60 минут
күн 24 сағат
апта 7 күн
ай 28—31күн
тоқсан 3 ай
жыл 12 ай
жалпы жыл 365 күн 52 апта + 1 күн
кібісе жыл 366 күн 52 апта + 2 күн
тропиктік жыл 365,24219 күн орта есеппен
Грегориус жылы 365,2425 күн орта есеппен
олимпиада 4 жылдық оралым
бесжылдық (lustrum) 5 жыл
онжылдық 10 жыл
мүшел 12 жыл
индиктион (Indiction) 15 жылдық салық оралымы
жиырмажылдық (score) 20 жыл
ұлы мүшел 60 жыл
ғасыр 100 жыл
мыңжылдық 1000 жыл

Уақыт — өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі. Уақыт мифология, философия және ғылымның әр салада пайдалану үшін қарама-қайшылысыз сипаттау, зерттеу нысаны болып, талай-талай ұлы ғалымдарды өмірге әкелген.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.</ref>

Уақыт - оқиғаның ұзақтығы және тізбектілігін сипаттайтын физиканың негізгі түсініктерінің бірі.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар  : «ЭКО» ҒӨФ. 2007 жыл.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0</ref>

Физика мен басқа ғылымдарда уақыт іргелі өлшем болып табылады, яғни ол басқа өлшемдер арқылы өрнектелмейді, себебі басқалары — жылдамдық, күш, қуат сияқты өздері іргелі өлшемдермен өрнектеледі (атап айтқанда бұл жағдайда — уақыт, әрі кеңістік деп аталатын келесі іргелі өлшемдермен). Ғылымда керектігі, әрі мүмкіндігі — өлшем үшін пайдаланатын және таңдалынып алынған өлшем бірлігі бар уақыт — операциялық анықтамасы қолданылады. Философтар арасында екі түрлі уақытқа деген көзқарас бар. Біріншісіне сәйкес уақыт — ғалам құрылымының іргелі бөлігі, оқиғалардың қатар-қатар жүруінің өлшемі. Бұл сэр Исаак Ньютон жататын реалистік көзқарас, сондықтан бұны Ньютондық уақыт деп те атайды. Бұған қарсы көзқарасқа сәйкес уақыт — адамзат соның көмегімен оқиғаларды реттеп, салыстыратын, интеллектуалды құрылымның (кеңістіктік пен сандармен қатар) іргелі мүшесі. Готфрид Лейбниц пен Иммануил Кант дәстүрі болатын осы екінші көзқарасқа сәйкес уақыт «арқылы өтетін» «ағатын» затқа жатпайды, немесе оқиғаларға ыдыс бола алмайды, және өзі өлшене алмайды.

Технологтар мен ғалымдар мезгілдік уақыт өлшеумен айналысқан, және астрономияның негізгі зерттеу нысаны болған. Периодты оқиғалар мен периодты қозғалыстар уақыт өлшем бірлік стандарты ретінде ұзақ уақыт пайдалылып келеді. Мысалы, күннің аспан бойымен қозғалысы, маятник тербелісі, айдың фазалары және жүрек дүрсілі. Уақыттың әлеуметік маңызы да зор (“уақыт – ақша”), ол адамның күнделікті уақыттың шектеулілігін сезінуі мен адам өмірінің шектеулілілігі.

Әлемдік уақыт

Бүгінгі қоғамдарда уақытты өлшеудің маңыздылығы сонша, ол халықаралық деңгейде қадағаланады. Ғылыми уақыт негізі ретінде Халықаралық атомдық уақыт (TAI) есіміммен белгілі, әлемдік атомдық сағатқа негізделген үзіліссіз секундтар есебі болып табылады. Бұл азаматтық уақыттар негізі - Ғаламдық уақыт бақылауды (UTC) қоса барлық басқа уақыт өлшемдердің іргелі нұсқасы болып табылады. Жер әлденеше уақыт аймақтарына бөлінеді. Бұлардың көбісінің бір-бірінен 1 сағат айырмасы бар, және шартты түрде жергілікті уақыттың ҒУБ-дан немесе Гринвич орта уақытынан айырмасын көрсетеді. Көп аймақтардың бұл айырмашылықтары жылына екі рет күндізгі уақыт үнемдеуге өтуінен себебінен өзгеріп тұрады.

Физика ғылымдарындағы уақыт

Ньютон дәуірінен Альберт Эйнштейнге дейін уақыт пен кеңістікке байланысты ұғымдар терең қарастырылған, уақыт барлығына бірдей “абсолютті” және “бірқалыпты” (Ньютон сөзі) ағады деп есептелді. Классикалық механика ғылымы Ньютонның осы ойына негізделеді.

Бүгінгі физика уақыт түсінігі

XIX ғасыр соңына қарай электризм мен магнетизмге байланысты физиктер классикалық уақыт мағынасынан қиындықтар көре бастады. Альберт Эйнштейн бұл мәселені сағаттарды тұрақты шама, белгінің ең үлкен жылдамдығы – жарық жылдамдығын, пайдаланып синхрондау тәсілімен шешеді. Бұл тікелей уақытты, бір-бірімен салыстырғанда қозғалмалы әр-түрлі байқаушылар үшін, әр-түрлі жылдамдықпен жүреді дегенді қорытады.

Уақытты пайдалану

Уақытты пайдаланудың адамзаттың мінез-құлқын, білім алуын, саяхатты ұйымдастыруды түсінуде маңызы зор. Уақытты пайдалануды зерттеу – жаңа дамып келе жатқан сала. Сұрақ әр-алуан іс-әрекетке (үйге уақыт бөлу, жұмысқа, саудаға, т.с.с.) қанша уақыт бөлінетіндігін қарастырады. Iс-әрекеттерге кететін уақыт мөлшері технология дамыған сайын (мысалы, теледидар немесе Интернет уақытты басқаша өткізу мүмкіндіктерін ашты) өзгеріп отырады. Уақыт менеджменті дегеніміз - тапсырмалар мен оқиғаларды біріншіден тапсырманың орындалуы қанша уақытты талап етеді, екіншіден, оқиғалар біткенде олардың нәтижелерін тапсырма дер кезінде бітетіндей ыңғайластыруды ұйымдастыру. Календарлар мен күнделіктер осыған мысал бола алады.

Кешігу уақыты

Кешігу уақыты - тежеу баспасына (немесе иінге) басу уакытынан бастап тежегіш күшінің көбейе бастайтын сәтіне дейінгі мерзім.

Бәсеңдеу ұлғаю уақыты

Бәсеңдеу ұлғаю уақыты - көлік құралының тежегіш тетікгерінің іске қосудан тежеу күшінің көбеюінің басталуынан аякталуына дейінгі уақыт мерзімі.

Жүкті тиеу-түсіру уақыты

Жүкті тиеу-түсіру уақыты- жүк автомобилінің жүкті арту мен жүгін түсіру кезіндегі уақыт.

Екпіндеп қозғалу уақыты

Екпіндеп қозғалу уақыты- басталқы белгіден соңғы белгіге дейінгі жылдамдықтың екпіндеп өзгеру уақыты.

Тежеуді саябырлату уақыты

Тежеуді саябырлату уақыты - тежегіш тетіктерінің тежеу күшінің азаюының басталуынан аяқталуына дейінгі уақыт.

Жүргізушінің әсерлі серпіліс уақыты

Жүргізушінің әсерлі серпіліс уақыты – жүргізушінің сигналды қабылдауынан бастап, оның басқару орғандарына басқару әсері басталғанға дейінгі уақыт.

Тежеуіштердің іске қосылу уақыты

Тежеуіштердің іске қосылу уақыты - тежеу баспасына (немесе иінге) басу уакытынан бастап, тежегіш күшінің көбеюінің аяқаталғаныңа дейінгі уакыт.

Тежелу уақыты

Тежелу уақыты - тежеубаспасына (немесе иінге) басу уакытынан бастап, тежегіш күшінің әсерінен тежегіш күшінің толығымен жойылуына немесе көлік құралының тоқталуына дейінгі уақыт.

Уақыт өлшем бірліктері

Үлкен және кіші уақыт аралықтарын өлшеу үшін астрономиялық кұбылыстармен тығыз байланысты табиғи бірліктер колданылады.
Уақыттың негізгі бірліктері — астрономиялык бакылау бойынша анықталған тәулік, ай және жыл. Бұлардың алғашқысы күн мен түннің алмасуына, екіншісі Ай жүзініц (фазасының) өзгеруіне, ал соңғысы жыл маусымдарының ретті түрде алмасуына байланысты. Бұлардың әрқайсысы, әрине, аспан денелерінің қозғалысына (кәрінерлік жәнө нақты) негізделген.

Тәулік

Тәулік дегенімізЖердің аспандағы белгілі бір санақ денесіне қатысты өз осінен толық бір айналым жасауға кететін уақыт аралығы. Мұндай дене ретінде Күн немесе кез келген жұлдыз алынуы мүмкін. Олай болса, біз күн тәулігі және жұлдыз тәулігі деген ұғымдармен танысуымыз кажет болады.
Нақты және орташа күн тәулігі. Күн шарығының (дискісінің) орталық нүктесінің жоғарғы шарықтау сөті нақты тал тус деп, ал төменгі шарықтауы нақты т ортасы деп аталады. Күннің екі аттас шарықтау аралығы нақты күн тәулігі деп аталады. Бірақ мұндай тәуліктің ұзақтығы жыл бойы тұрақты болмайды. Бұл Күннің кәрінерлік қозғалысы экватор емес, эклиптика бойымен болуынан әрі біркелкі еместігінен туындайды. Сондықтан күнделікті өмірде ұзақтығы тұрақты 24 сағ болатын орташа тәулігі пайдаланылады.
Орташа күн тәулігі ретінде аспан экваторы бойымен бірқалыпты қозғала отырып, бір жылда толық айналым жасайтың жорамал нүтенің (бұл нүкте орташа Күн деп аталады) аттас екі рет шарықтауға қажет уақыт аралығы қабылданады. Күн тәулігінің басы түн ортасынан, яғни Күннің төменгі шарықтауынан басталады. Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт. Күннің аспан меридианы арқылы өту сөті, әрине, бақылаушы орнының географиялық бойлыгына төуелді. Бақылаушы шығысқа карай жылжыған сайын Күннің меридианнан өтуі батыстағымен салыстырғанда ертерек болады. Демек, Күннің меридиан аркылы ету сәті бізге жергілікті орынның күн уақытың береді. Жоғарыдағы тәсілмен анықталған уақыт тек берілген географиялық меридианда ғана колданылатындықтан, күнделікті өмірде белдеулік уақытты колдану ыңғайлы. Бұл үшін Жер беті полюстерді қосатын сызықтар кемегімен 24 сағаттық белдеулерге бөлінген. Әр сағаттык белдеу бойлық бойымен 15°-қа созылады. Әр белдеудің ішінде оның орталық меридианындағы орташа күн уақыты осы аймақтың белдеулік уақыты ретінде алынады.
Гринвич обсерваториясы (Ұлыбританияда) орналасқан меридиан нөлінші меридиан ретінде кабылданған және ол белдеу нөлінші сағаттық белдеу болып табылады. Гринвич меридианындағы жергілікті орташа күн уақыты бүкіләлемдік уақыт ретінде кабылданган. 1-сағаттық белдеудің (п = 1) орталык меридианы Гринвич меридианынан 15° шығысқа карай орналаскан. Баска сағат белдеулерінің де бастапқы меридиандары осылай аныкталады. Ал олардың екі жақ шекаралары мемлекеттік және әкімшілік шекаралары бойынша немесе табиғи аймақтармен (өзен, тау жоталары) бөлінген. Қазақстан Республикасының аумағы аркылы 4- және 5-сағаттық белдеу әтеді. 156 Бүкіләлемдік уақытты (Т0) және берілген орынның белдеуінің реттік санын (п) біле отырып белдеулік уакытты табу оңай:

Тn = Т0 + n

1930 жылы көктемде үкімет декреті бойынша КСРО аумағында декреттік уақыт ендірілді: барлык сағаттық белдеулерде сағат тілі түрақты түрде бір сагатқа ілгері жылжытылды. Кейбір елдерде декреттік уақытты жаз айларында тағы 1 сағ ілгері жылжыту қабылданған. Алматы және Астана уакыты (5 сағаттық белдеу) бүкіләлемдік уақыттан 6 caғат алда.

Т5 = Т0 + (n + 1) = Т0 + 6 caғат

Географиялық бойлығы X болатын орындағы Т. жергілікті орташа күн уақыты бүкіләлемдік уақытқа сол бойлыктың уақыт бірлігіндегі мәнін косу арқылы анықталады: Т. = Т0 + X.

Жұлдыздық уақыт

Кез келген жұлдызды таңдап алып, оның аспандағы орнын Жердегі козғалмайтын бір нәрсе (үй бұрышы, бағана) көмегімен белгілеп алайык. Сол жұлдыз нақ сол орынға 23 сағ 56 мин өткенде қайтып оралады. Осылайша жұлдыздарға қатысты өлшенетін тәулік жұлдыздың тәулік деп аталады. Дәл айтсақ, жұлдыздың тәулік—күн. мен түннің теңелу 1 нүктесінің қатарынан екі рет жоғары шарықтауына қажет уақыт мөлшері. Ал 4 мин қайда кетті? Жердің Күнді айнала қозғалуы себебі күннің аспандағы орны Жер бетіндегі бақылаушыға Жұлдыздарға катысты тәулігіне аспан сферасының айналу бағытына карама-карсы бағытта 1°-қа ығысып отырады. Оны "қуып жету" үшін Жерге осы 4 мин қажет. Сонымен, Жердің өз осінен айналып шығуына 23 car 56 мин уақыт кетеді. Ал 24 car осы айналыстың Күнге қатысты уақыты. Адам Күн сағаты бойынша өмір сүреді, жұмыс жасайды. Ал астрономдар өз бақылау жұмыстарын ұйымдастыруда Жұлдыз уақытын қолданады.

Жергілікті Жұлдыз уакыты (S) мен Жұлдыздардың экваторлық координатасы тура көтерілу мәні арасында карапайым байланыс бар. Егер Жұлдыз жоғарғы шарықтауда болса, онда
S = α

Демек, кез келген мезетте берілген орындағы жұлдыздың уақыттың мәні осы кезде жоғарғы шарықтауда ориаласқан. жұлдыздың тура көтерілу координатасының мәніне тең. Жер бетіндегі X бойлықтағы Жұлдыздық уақыт (S) пен Гринвич меридианындағы Жұлдыздық уақыт (S0) арасындағы байланыс мына өрнекпен анықталады:

S = S0 + X

Осыдан біз берілген орынның Жұлдыздық уақытын анықтау арқылы осы орынның географиялық бойлығының мәнін де анықтауға болатынына кез жеткіздік.<ref>Физика және астрономия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Өңд., толыкт. 2-бас. / Р. Башарұлы, Д. Қазақбаева, У. Токбергенова, Н. Бекбасар. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009. — 240 бет, суретті. ISBN 9965-36-700-0</ref>

Қазақ дәстүрлі уақыт өлшемдері

Уақыт өлшемдері. Қас пен көздің арасы-халықтық өлшем. Лезде, тез, жылдам, көзді ашып жұмғанша деген мағынаын білдіреді. Қас-қағым (көзді ашып-жұмғанша) - жарықтың жылт етуі, көзді ашып-жұмғанша кететін уақыт, шамамен 0,7-1 сек. аралығы. Сүт пісірім-халықтық өлшем, ширек сағат шамасы, шамамен 15 минут. Бие сауымдай уақыт-биенің екі сауымының арасы, бір сағат шамасындағы мезгіл. Таң сәрі-шолпан жұлдызының туған мезгілі. Бозала таң-күн шапағының белгісі, таңның ағара бастауы. Таң ата-күннің ұясынан шығар алдындағы мезгіл. Сәске-күн шығып, арқан бойы көтерілген кез. Ұлы сәске-тал түске жақындаған мезгіл. Тал түс-күннің тас төбеге келуі, яғни, мысалы, қазақтың көлеңкесі оның дәл түбіне түсуі. Сәске түс-шаңқай түс мезгілі немесе күннің қиғаш 45 градуспен түсуі, яғни, мысалы, қазақтың өзінің биіктігі мен көлеңкесінің ұзындығы теңескен кез. Кешқұрым-күн батқан кез. Түн ортасы- түнгі сағат 12. Түн жарым-түнгі сағат 3. Ат адым-ақпан айындағы күннің ұзаруы, ол 38 минутқа тең. Елік адым-қаңтардың басынан ақпанның аяғына дейінгі аралықтағы күннің ұзаруы, ол 74 минутқа тең келеді. Қарға адым-қаңтар айындағы күннің ұзаруы, ол 36 минутқа тең,

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}