Төтенше және Өкілетті Елші

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Төтенше және Өкілетті Елші - дипломатиялық қызметтегі арнайы дипломаттық дәреже. Әр елдің басқа елдегі дипломатиялық миссиясының немесе Елшілігінің жетекшісі болып саналады.

Қазақстан Республикасында аталған дипломаттық дәрежелерiн Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бередi. Басқа дипломаттық дәрежелердi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi бередi. Дипломаттық дәрежелердi беру тиiстi куәлiктер тапсырумен және қызмет тiзiмiндегi (еңбек кiтапшасындағы) жазбалармен расталады.