Төреханов Эрнест

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

22:11, 2014 ж. мамырдың 28 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Төреханов Эрнест 1943 жылы 12 қарашада Алматы облысының Кеген ауданындағы Жалаңаш ауылында туған.<ref> "Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері", Анықтамалық,"Білім" баспасы, Алматы, 2005 ж., ISBN 9965-09-134-Х1981-89 </ref>. 1960-1962 " жж. "Алматы құрылыс" тресінде құрылысшы болып жұмыс істеген.

1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің орыс филология факультетіне тускен. 1963-1966 жылдары әскер қатарында болған. Одан оралған соң оқуын сырттай жалғастырып, "Лениншіл жас" ("Жас Алаш") газетінде корректор, әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі болған.

Маңғыстау, Торғай облыстары ашылғанда өз еркімен Маңғыстауға коныс аударып, мұнайшылар мен кеншілер (уран кеншілері) өмірімен жете танысты. Ұзақ жылдар "Жазушы", "Жалын" баспаларында, "Қазақфильм киностудиясында жұмыс істеді. "Наука и высшая школа Казахстана" газетінің бас редакторы болған.

1990 жылдан бері Халықаралық "Қазақ тілі" коғамының вице-президенті, осы қоғамның "Ак Жарык" - "Белый Свет" атты газетінің бас редакторы қызметін қоса атқарады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}