Төлеген Тілекұлы Жүкеев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
14:04, 2016 ж. мамырдың 4 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Төлеген Тілекұлы Жүкеев (19 сәуір 1949 жыл, Доссор ауылы, Мақат ауданы, Атырау облысы) - мемлекет және қоғам қайраткері.
Өмірбаяны
Төлеген Жүкеев 19 сәуір күні 1949 жылы Доссор ауылында дүниеге келген.
1972 Әзірбайжан астанасы Бакудегі М.Әзізбеков атындағы мұнай және химия институтын тәмамдаған.
- 1972-1975 жылдары Атырау облысындағы бірқатар мұнай кәсіпорындарын жұмыс істеген.
- 1975 жылдан бастап Маңғыстау облысындағы түрлі партиялық қызметтерде болған.
- 1988-1990 Коммунисттік партияның ОК-ның экономикалық бөлімінде жұмыс істеген.
- 1991 жылдан бастап Жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополияларға шектеу қою комитетітің төрағасының бірінші орынбасары.
- 1992-1993 жылдары ҚР-дың мемлекеттік кеңесшісі, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасының орынбасары.
- 1994 ҚР Премьер-Министрдің орынбасары, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.
- 1995-2000 жылдары Оңтүстік Кореядағы ҚР-дың Төтенше және Өкілетті Елшісі.
- 2000-2005 жылдары Иран ислам республикасындағы ҚР-дың Төтенше және Өкілетті Елшісі.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>