Тәңірі қосқан жар едің сен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Тәңірі қосқан жар едің сен» («Татяьяна сөзі») - А. С. Пушкиннің «Евгений Онегин» романының сегізінші тарауынан 1889 жылы Абай тәржімелеген туынды. Шығарма кел. орыс ақынында 77, Абай тәржімесінде 56 жол. Абай 12-шумақтың соңғы 7 жолын және 13-15- шумақтарды түгел алып, Татьянаның Санкт-Петербургте Онегинге айтқан сезін бүтіндей аударған. Орысша текст: «Довольно, встаньте я должна: Вам объясниться откровенно...» - деп басталады. Абай Татьянаның Онегин хатына жауап сөзі осылай бетпе-бет кездескенде айтылғанын атап айтпай, оны бірден: «Тәңрі қосқан жар едің сен, Жар ете алмай кетіп ең, Ол кезімде бала едім мен, Аямасқа бекіп ең...» - деп бастайды. Бүл орысша тексте мына сөздерге сәйкестендіріп алынған: <poem> «Онегин, я когда моложе, Я лучше, кажется, была, И я любила вас; и что же? Что в сердце вашем я нашла? Какой ответ? одну суровость...» </poem> Осы үзінділерден көрініп тұрғандай, Абай ез өлеңінде орысша тұпнұсқаның жалпы мағынасын ғана сақтайды, кей жерлерін тастап кетіп, кейбір сездерді өзінше өзгертіп келтіреді. Абайдың Пушкин романынан аударған өлеңдерінің ішіндегі ең еркін аударылғаны - Татьянаның осы сөзі және «Онегиннің Татьянаға жазған хаты» («Хуп білемін, сізге жақпас...»). Абай елеңдеріндегі өзгертулер қандай десек, тастап кеткендері сол кездегі қазақ қауымының, жастардың ұғым-түсінігіне үйлес келмейді-ау деген жерлері, қосқаны - солардың көңіліне қонымды қазақша сипаттама сездер. Мысалы : <poem> «... Что ж ныне Меня преследуете вы? Зачем у вас я на примете? Не потому ль, что в высшем свете Теперь являться я должна, Что я богата и знатна, Что муж в сраженьях изувечен, Что нас за то ласкает двор? Не потому ль, что мой позор Теперь бы всеми бьш замечен И мог бы в обществе принесть Вам соблазнительную честь?» </poem> - деген сияқты сездерді Татьянаға Абай айтқызбайды. Тек сыпайылап қана: <poem> «Жат есікті және корып, Жара салма сен маған. Жұрт жамандар жатқа жорып, Жалынамын мен саған...» </poem> - дегізіп, сыпайылықпен шектеледі. Ал, Татьянаны қазақша ойлап, қазақша сөйлегендей етіп көрсететінін: <poem> «Сен жаралы жолбарыс ең, Мен киіктің лағы ем. Тірі қалдым өлмей әрең, Қатты батты тырнағың... Қаймақ еді көңілімде, Бізге қаспақ болды жем ...» </poem> - деген үзіндіден аңғаруға болады. Татьянаның алғашқы хатына жауап сөзінде Онегин езі де: «Мен жаралы жолбарыспын, Жұрттың атқан оғы өтіп..,» - деген болатын. Абай Татьянаның аузына: «Сен шошыдың ғашығыңнан, Өзге жұрттан камшы жеп..,» - деген сөзді салған. Орысша түпнұсқада Онегинді бұлайша ақтау кездеспейді. Татьяна тек ол кезде сіз мені ұнатпаған едіңіз («Я вам не нравилась») дейді. Ал, бүтіндей алсақ, Татьянаны бұрынғыша адал, бірақ, кісіге сенгіштігінен арылып, өзіне сенімділігі артқан, сертіне берік, алған бетінен қайтпайтын жан етіп сипаттауы жағынан Абай Пушкинмен толық үндес шыққан. Татьянаның бұл сөзі Абайдың өзі шығарған ақынның өз заманынан бастап ел арасына кең тараған. Туынды 6-8 буынды шалыс ұйқаспен жазылған. Алғашқы рет 1909 жылы С.-Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланған. Өлең басылымдарында аздаған текстол. өзгерістер кездеседі. 1909 жылғы жинақта 3-шумақтың 2-жолы «Ебін тапсаң жұбатып» болса, 1945, 1954, 1957, 1977 жылғы басылымдарда Мүрсейіт қолжазбалары негізінде бұл жол «Еппен айтсаң жұбатып» болып қабылданған. з. Ахметов.

Ақын бүл өлеңіне ән шығарған. Ән халық арасына кеңінен тарап, жұртшылыққа танымал болды. Қазақстан мәдениетін зерттеуші А.П.Седельников: «Абай Құнанбаев - қазақ поэзиясындағы жаңа ағымның өкілі, оның қаламынан «Евгений Онегин» дастанының және Лермонтовтың(қазақтарға ең түсінікті болған ақын) көптеген өлеңдерінің тамаша аудармасы туды, сөйтіп, Семей әншілерінен, мәселен, өз әуендерімен салған «Татьяна сөзі» әнін естуге болады», -деп жазды (Седельников А. П. «Ресей», Қырғыз өлкесі. В.П.Семенов редакциясымен. 1903, 18-том, 204-бет). Музыка зерттеушілері, фольклоршылар халық әншілерінен әннің 6 түрін жазып алды. Бұл әнді ең алғаш хаттаған Э. Бимбоэс болды. Ол 1920 жылы Ақмола облысында әнді Н.Құлжановадан жазып алып, нотаға түсірді. Ал, 1922 жылы А.В.Затаевич Орынбор қаласында осы әннің 2-және 3-түрлерін нотаға түсірген. Әннің екінші түрі «Абай әні» деген атпен, үшінші түрі О.Қарағұловтың орындауы бойынша «1000 ән» жинағында «Татьяна хаты» деген атпен жарияланған. «Тәңірі қос қанжар едің сен» әнінің4- түрін С. Мұқановтан 1930 жылы Москвада Затаевич нотаға түсірген, әннің 5-түрін комп. Л. Хамиди Ә. Ысқақовтан жазып алған, ал 6-түрін проф. Б. Г. Ерзакович 1939 ж. Алматыда белгілі әнші Қ. Лекеровтің орындауынан нотаға хаттаған болатын. Әннің 1-, 2- және 5-түрлері бір-біріне өте ұқсас болса, Затаевич пен Ерзакович нотаға түсірген түрлері мүлдем басқаша. Дегенмен, Абай нақышына жақын екендігі аңғарылады. Әннің 1-, 2- және 5-түрлері речитативті сипатта болса, 3-, 4- және 6-түрлері созылмалы әуен-ырғақ иірімдерімен ерекшеленді, кең тынысты қазақ әндеріне біршама жақындығын танытады. Демек, әннің алғашқы үш түрі (1-, 2-, 5-) мажорлық ладта болса, қалған үш түрі минорлық сазбен айтылады. Ырғақ-өлшем тұрғысынан әннің 3-, 4- және 6-түрлері күрделі, ал қалғандары - қарапайым өлшеммен айтылады. Әннің әуендік-саздық жүйесі, ырғақтық өлшем кестесі Абайдың биік поэтикалық тіл байлығымен тығыз байланыста екенін бірден аңғаруға болады.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тәңірі қосқан жар едің сен|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}