Тәңірберген Ыбырайұлы Хажиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

04:47, 2016 ж. мамырдың 21 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Тәңірберген Ыбырайұлы Хажиев (1950 жылы 15 қазанда Алматы облысы Талдықорған ауданының Теректі ауылында туған) - продюссер.

  • Әкесі - Хажиев Ыбырай Омарұлы, марқұм, мұғалім болып жұмыс істеген. Анасы - Хажиева Ақыл Бекшетайқызы, зейнеткер.
  • Алматы халық шаруашылық институтының экономика-жоспарлау факультетін бітіргөн (1976), халық шаруашылығын жоспарлау жөніндегі экономист.
  • Экономика ғылымдарының кандидаты (2002). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Нарықтық қатынастар жағдайындағы меншіктің жаңа нысандарының тиімді қызмет ету механизмі».
  • Доцент (2006).
  • 2 мақаланың, «Кинотелеөндіріс экономикасы» кітапшасының авторы.
  • 1968 жылдан - Алматы қаласындағы 46-ҚМБ жұмысшы-слесарі.
  • 1976 жылдан бері - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» республикалық шығармашылық-өндірістік бірлестілігінің көркем фильмдер продюсері
  • 1987 жылдан - бас директорының бірінші орынбасары. 1990-1992 жылдары - бас директоры.
  • 1998 жылдан бері - Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының профессоры, оқытушысы (қазіргі - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы).
  • ҚР Кинематографистер одағының мүшесі.
  • ҚР Кинематографистер одағы тексеру комиссиясының төрағасы.
  • КСРО Кинематографиясы саласының үздігі (1988).
  • Қазақстанның Еңбек сіңіргөн қайраткері (2008).

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, Д.А. Қонаев.

  • Үйленген. Жұбайы -Хажиева Құрманай (1950 жылы туған), зейнеткер. Ұ􀀄лдары - Хажиев Нұрлан (1978 жылы туған), Хажиев Асқар (1982 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub