Тұяқ Елқондыұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тұяқ Елқондыұлы - шешен, би. <ref>Махамбетов Ш. "Тарақты - Орта жүздің ноқта ағасы", 215-216 бб.</ref> Тарақты руының беделді кісі. Ол кісінің туған-өлген жылы туралы нақты мәлімет жоқ. Оның Тарақтының қыздарынан туған атақты адамдар туралы жыры:
Қаз дауысты Қазыбек би,
Ол да менің жиенім.
Қаракерей Қабанбай,
Ол да менің жиенім.
Қанжығалы Бөгенбай
Ол да менің жиенім.
Шақшақұлы Жәнібек,
Ол да менің жиенім.
Ошақты да Сапабек,
Ол да менің жиенім.
Қарсендегі Ер Көпбай,
Ол да менің жиенім.
Тобықтыда Құнанбай,
Ол да менің жиенім.
Дәулет, Байзақ Мәмбет,
Ол да менің жиенім.
Дүкенұлы Ықылас,
Ол да менің жиенім.
Ботпай-Шымыр Сыпатай,
Ол да менің жиенім.
Шұбыртпалы Ағыбай,
Ол да менің жиенім. <ref>Ақселеу Сейдімбековтің жеке қоры.</ref> <ref>Қазақстан тарихы: Этникалық зерттеулерде. 10-том, 282-бет</ref>

Дереккөздер

<references/>