Тұтыну несиесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:33, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Тұтыну несиесі – халыққа тұрғын үй, көлік құралдарын сатып алу, жолдамалардың, қымбат тұратын тұтыну тауарларының ақысын төлеу, т.б. үшін бөлінетін несие; несиеге тауарлар сатып алу әдісі.

Тұтыну несиесі жеке бастың тұтыну заттарын алуы үшін беріледі және оны беру кезінде тауарлардың құнын және несие үшін пайызды бөліктеп төлеу көзделеді. Тұтыну несиесінде жеке тұлғалар қарызгер болып табылады, ал несие мекемелері де, кәсіпорын да несиегер болуға құқылы. Сатып алынған тауар соңғы бөлігі төленгенге дейін сатушының меншігі болып қалады, сөйтіп, тауар несиемен қамсыздандырылған болып табылады. Тұтыну несиесі ақшалай да, тауарлай да беріле береді: тауарлар несиеге сатып алынады немесе бөлшек саудада тауар құнының мерзімі ұзартылып, бөліп-бөліп төленеді; ақшалай несиені банктен тұтынушылық мақсатқа пайдалану үшін алады. Тұтыну несиесі бір жолғы өтеу немесе мерзімі ұзартылған төлем түрінде ресімделеді.

<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тұтыну несиесі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}