Тұрымбетова Клара Ережепқызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:45, 2017 ж. сәуірдің 16 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Тұрымбетова Клара Ережепқызы1949 жылы Қарақалпақстанның Төрткүл қаласында туған. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>

1972 жылы Мәскеудің полиграфиялық институтын бітірген.

Еңбек жолын 1972 жылы Нүкіс қаласында өндірісте мастер болып бастап, 1973-1976 жылдары полиграфиялық комбинатта инженер-технолог. 1976-1977 жылдары «Кітап» фабрикасында мастер, 1977-1989 жылдары «Өнер", «Жазушы", «Жалын» баспаларында, «Қазақстан мектебі» журналында техникалық редактор, ал 1994 жылдан қазіргі күнге дейін «Мектеп» баспасында жетекші техникалық редактор болып, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің, сөздік-анықтамалықтардың, ғылыми-көпшілік кітаптардың техникалық жақтан сапалы шығуына зор еңбек сіңіріп келеді. К. Тұрымбетованың қолынан шыққан еңбектері Мәскеуде өткен Халықаралық көрмелерде лайықты бағаланып, дипломдар мен мақтау грамоталарымен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}