Тұрсын хан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:37, 2011 ж. қарашаның 29 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Тұрсын хан<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы, 8 том</ref>, Тұрсын Мұхаммед сұлтан (т. ж. б. – 1627) – қазақ ханы, Ташкенттің билеушісі. (1613 – 27). Жалым сұлтанның ұлы. Хафиз Таныштың “Шаарф-наме-ий шахи” атты еңбегінде Жалым сұлтан мен оның екі ұлы Баба сұлтанның қолынан қаза тапқандығы айтылады. Аштархан (Жанилер) әулетінен шыққан Бұхар хандығының билеушісі Имамкули ханның көмегіне сүйенген Тұрсын хан Есім ханмен күрес жүргізді. Есім хан Тұрсын ханнан жеңіліп, Шығыс Түркістан билеушісі Абд әр-Рахымның ордасына кетуге мәжбүр болды. Ортағасырлық “Имамкули хан наме” атты шығарма авторының мәлімдеуінше Тұрсын ханның ордасы Ташкентте болған және ол сонда өз атынан теңге соқтырған. Оның билігі тұсында Ташкент, Түркістан, Сығанақ, Созақ, Сауран, Сайрам, Әндіжан, т.б. қалалар қазақтардың иелігінде болды. Есім хан қырғыздардан құралған жасағымен Тұрсын ханның Сырдария бойындағы ұлысына бірнеше рет жорық жасады. 1626 жылы Тұрсын хан. мен Есім хан өзара бейбіт келісімге келді. Бірақ бұл бейбіт келісім ұзаққа созылмай, Тұрсын хан тарапынан бұзылды. 1627 жылы Есім хан қалмақтарға қарсы жорыққа аттанғанда Тұрсын хан оның ордасына шабуыл жасады. Жорықтан оралған Есім хан Тұрсын ханның әскеріне Сайрам түбінде ойсырата соққы берді. Мұнан соң Тұрсын хан әскері Ташкент маңындағы шайқаста да Есім хан әскерінен жеңілді. Осы жағдайда Тұрсын хан әскерінің біраз бөлігі Есім хан жағына шығып кетті. Тұрсын хан өз нөкерлерінің қолынан қаза тапты. Тұрсын хан тұсында қазақтар Қазанмен және Батыс Сібір қалаларымен қызу сауда жүргізді.

Пайдаланған әдебиет

<references/>

Үлгі:Kazakh Khans

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тұрсын хан|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}