Тұрсын Мешітбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:37, 2011 ж. қарашаның 29 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Тұрсын Мешітбаев (14.4. 1928, Қармақшы кенті – 27.2.2003, Алматы қаласы) – ғалым, ұстаз-педагог. Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі (1969), Халық ағарту ісінің үздігі (1966). Қызылорда педагогикалық институтын бітірген (1950). 1950 – 52 жылдары Қармақшы ауданы орта мектеп директоры, 1952 – 54 жылдары Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы комсомол комитетінің хатшысы. 1954 – 75 жылдары Жалағаш, Қармақшы аудандарында мектеп директоры, Қармақшы ауданы халық ағарту бөлімінің меңгерушісі, аудандық парткомының бөлім меңгерушісі, Қызылорда облысы халық ағарту бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған. 1975 – 2003 жылдары ҚазКСР оқу министрлігінің аға инспекторы, Алматыдағы республикалық эксперименттік мектептің директоры, ҚазҰУ-дің, ҚазҰПУ-дың доценті. Мешітбаев 50-ге жуық ғылыми мақала жазған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен және Құрмет грамотасымен марапатталған.

Сілтемелер

"Сыр елі энциклопедиясы"

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тұрсын Мешітбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}