Тұрақжай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:47, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Тұрақжай баспана - адамның өмір сүруі, табиғат факторларының қолайсыз әсерінен қорғануы және тұрмысты ұйымдастыру үшін жасалған материалдық кұрылыс. Тұрақжайдың қызметі мен міндеті, оның типтер мен түрлері қоғамның әлеуметтік құрылысы мен құрылымына, табиғат климат, геология және ұлттық тұрмыс жағдайларына байланысты. Қазақстан жерінде алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінде Тұрақжайдың ең қарапайым түрлері: алдымен күрке, кейін жертөле жасалды. Қола дәуірінің қоныстары көбінесе өзен, көлдердің жағасында орналасты. Олар 6 - 10, кейде 20 Тұрақжайдан құралды. Бұл дәуірдің Тұрақжайлары жертөле және жер асты (үңгір) құрылыстары болып екіге бөлінеді. Қазақтар көшпелі және жартылай көшпелі тұрмысқа ауысқаннан кейін Тұрақжайдың тасымалдауға қолайлы құрастырмалы жинамалы типі - киіз үй жасалды. 4 және 6 дөңғелекті арбаға орнатылған киіз үй пайда болды.Тұрақты тұрақжайлар Қазақстанның оңтүстігінде шикі кірпіштен, солтүстік және шығыс өңірлерінде бөренелерден салынды. Тұрақты баспана, негізінен, бадшықтан, шикі кірпіштен тұрғызылды. Сыртқы төбесі жайпақ, қалың жүн етіп жасалды. Айуан шатырлы (терраса) Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы үйлерге тән. Онеркәсіптің дамуына байланысты 19 ғасырдың аяғы -20 ғасырдың басында Қазақстанда жұмысшы барақтар пайда болды. Экономиканың дамуына байланысты тұрғын үй салу жаңа жоспарлы шаруашылықтың аса маңызды бөлігінің біріне айналды. Жас Кеңес ресупбликасының орталық аймақтармен байланысын қамтамасыз еткен Түркістан-Сібір темір жолының салынуы Алматы қаласында тұрғын үй құрылысын күшейте түсті. Ауыл-селоларда жергілікті құрылыс материалдарынан тұратын үйлер салу қамтамасыз етілді. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында Тұрақжай, негізінен, қоныс аударған халық үшін салынды. Соғыстан кейінгі кезеңдерде тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі жұмыстар жолға қойылды. Типтік жобалау ісінің негізі қаланды. Негізінен бір отбасыға арнап көп бөлмелі пәтерлер салынды. Тұрғын үй құрылысын дамытуға архитекторлар В.Б. Игиатьев, А.В. Веденеев, В.П. Афанасьева, А.П. Соколов зор үлес қосты. 20 ғасырдың 60 - 70 жылдары құрылыс индустриясының қуатты базасы жасалып, түгел құрастырмалы үйлер салуға көшу жүзеге асырылды. 1970 жылдардың басынан бастап Қазақстанда 9-12 қабатты биік үйлер салына бастады. Қазіргі түрғын үйлердің эстетикалық дәрежесінің сапасын жақсарту, оның ұлттық өзгешелігі және архитектуралық тартымдылығы мәселелеріне зор көңіл бөлініп отыр. Қазақстанның тәуелсіздік алуымен республикада биік әрі сейсмикалық берік Тұрақжай тұрғызу қолға алынды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}