Тұратбек Төлеубекұлы Шарапиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:30, 2011 ж. қарашаның 29 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Тұратбек Төлеубекұлы Шарапиев - 1956 жылы 1 қаңтарда Талдықорған облысы Сарқанд ауданының Веселое ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Шарапиев Төлеубек Орысбайұлы, зейнеткер. Анасы - Шарапиева Несібелді, зейнеткер. Қазақ дене шынықтыру және спорт институтының дене шынықтыру және спорт факультетін (1987) дене шынықтыру пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша; Жетісу экономикалық институтының экономика және менеджмент факультөтін (1997) экономист-менеджер мамандығы бой- ынша бітірген. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2004 жылдан).

  • 1974 жылдан - Талдықорған облысы Сарқанд ауданының «Путь Ильича» кеңшарында спорт жөніндегі әдістемеші.
  • 1975 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
  • 1978 жылдан - Талдықорған облыстық Білім беру басқармасының жанындағы БЖСМ жаттықтырушы-оқытушысы.
  • 1987 жылдан - Талдықорған облыстық халыққа білім беру бөлімінің әдістемелік жұмыс жөніндегі инспекторы.
  • 1988 жылдан - Талдықорған облыстық халыққа білім беру бөлімінің оқу жұмысы жөніндегі инспекторы.
  • 1991 жылдан - Талдықорған облысының «Еңбек резервтері» БЕСҚ облыстық кеңесінің оқу-спорт бөлімінің бастығы.
  • 1992 жылдан - Талдықорған облыстық халыққа білім беру басқармасы бастығының орынбасары.
  • 1995 жылдың шілдесінен - Талдықорған облыстық Дене тәрбиесі, спорт және туризм бірлестігінің бас маманы.
  • 1995 жылдың желтоқсанынан - Талдықорған облыстық Дене тәрбиесі, спорт және туризм бірлестігі бастығының орынбасары.
  • 1997 жылдан - Алматы облыстық Білім беру басқармасында дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бас маманы.
  • 1998 жылдан - Алматы облыстық білім беру басқармасының облыстық ОРМБЖМ әдістемеші-нұсқаушысы.
  • 2002 жылдан - Алматы облыстық Спорт және дене шынықтыру басқармасының денө шынықтыру-сауықтыру жұмысы бөлімінің бас маманы м.а., 2003 жылдың қаңтарынан - бас маманы.
  • 2003 жылдың сәуірінен - Алматы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыру - жаппай және жоспарлық-қаржы жұмысы бөлімінің бастығы.
  • 2003 жылдың тамызынан - Алматы облыстық Спорт және дене шынықтыру басқармасы бастығының орынбасары м.а., 2004 жылдан - бастықтың орынбасары, 2005 жылдан - басқарма бастығы.
  • 2009 жылдан бері - Алматы облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы. «Астананың 10 жылдығы» медалімен (2008); ҚазКСР Ағарту министрлігінің (1985), Алматы облысы әкімінің (2005), ҚР Туризм және спорт министрлігінің (2005) құрмет грамоталарымен марапатталған. ҚР Білім беру ісінің озаты (1995). ҚР Құрметті спорт қайраткері (2006).

Әскери атағы - сержант.
Діни көзқарасы - ислам.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеу».
Хоббиі - спорт, балық аулау.

Үйленген. Жұбайы - Шарапиева Ғалия Зиядқызы, Талдықорған қалалық нашар еститін балаларға арналған қосалқы мектеп-интернаттыңтәрбиешісі. Ұлдары - Шарапиев Рустам, Шарапиев Руслан; қыздары - Шарапиева Әлия, Шарапиева Раушан.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}