Түсіпхан Түсіпбекұлы Түсіпбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:45, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Түсіпхан Түсіпбекұлы Түсіпбеков - 1953 жылы 5 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Жалғызтал ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Сисанов Түсіпбек, марқұм. Анасы – Сисанова Сахай, зейнеткер. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (1978) инженер-механик мамандығы бойынша; М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін (2001) заңгер мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2002 жылдан).

  • 1971 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
  • 1973 жылдан - Қазақ ауыл шаруашылығы институтының студенті.
  • 1978 жылдан - «Қазақстан» кеңшары мәшине-трактор шеберханасының инженер-механигі, 1979 жылдан - шеберхана меңгерушісі (Жаңа ауыл ауылы, Тарбағатай ауданы ШҚО).
  • 1982 жылдан - «Шілікті» кеңшарының аға инженері (Шілікті ауылы, Тарбағатай ауданы ШҚО).
  • 1987 жылдан - «Қазақстан» кеңшарының директоры (Жаңа ауыл ауылы Тарбағатай ауданы ШҚО).
  • 1994 жылдан - ШҚО Тарбағатай аудандық әкімшілігінің басшысы.
  • 1995 жылдан - ШҚО Тарбағатай ауданының әкімі.
  • 2002 жылдан - ШҚО Мәдениет басқармасының бастығы.
  • 2007 жылдан - ШҚО Ішкі саясат департаментінің директоры.
  • 2008 жылдың мамырынан - ШҚО Ішкі саясат басқармасының бастығы.
  • 2008 жылдың шілдесінен - ШҚО Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары.
  • 2008 жылдың қарашасынан - ШҚО Қазақстан халқы ассамблеясы атқару хатшылығының меңгерушісі, 2009 жылдан - хатшылығының меңгерушісі.
  • 2010 жылдың ақпанынан бері - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. ШҚО Тарбағатай ауданы «Қазақстан» кеңшары ұжымынан Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты (1994). «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.

Әскери атағы - запастағы подполковник.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - «Өз елінің патриоты».
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан жыл озған сайын қуаттана береді».
Хоббиі - бильярд.
Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиет.

Үйленген. Жұбайы - Жасыбаева Балжан Төлешқызы (1956 жылы туған). Үлдары - Түсіпбеков Еркін (1979 жылы туған), Түсіпханов Дидар (1985 жылы туған), Түсіпханов Елнар (1989 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub